Жалағашта шатыр ұшты

288

0

Қатты желден Жалағаш кентінде бірнеше ғимаратқа зақым келді. Оқиға 6 шілде күні болған. Салдарынан көппәтерлі 2 тұрғын үйдің шатыры ұшып, сол жердегі 2 көлікке құлаған. Сондай-ақ, жақын маңда орналасқан электр бағаналары да үзілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ТЖД бөлім бастығы Нұрбол Исанов хабарлады.

Ведомство таратқан ақпаратқа сүйенсек, оқыс жағдайдан зардап шеккендер жоқ. Дегенмен, екпінді дауылдан көппәтерлі тұрғын үйдің 500 шаршы метр шатыры ұшып кеткен. Қазіргі таңда шығын көлемі есептелуде.

– Қатты желдің салдарынан тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени нысандардың шатыры ұшып, коммуналдық қызметтердің жұмысы уақытша тоқтап қалды. Дегенмен, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар тексеріс жүргізуде, – деді Нұрбол Исанов.

ТЖД өкілінің айтуынша, үзілген электр желілері қайта қалпына келтіріліп, коммуналдық қызметтердің жұмысы жалғасуда.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<