Аралым

 Аралым – асыл еркем, көк теңізім,

Тобырсып жатыр бұл күн кеткен ізің.

Ерітеді көтеріліп ұшып сонау,

Мұзына Солтүстіктің жеткен тұзың.


Аралым, жағалаудан үн қатады,

Қызарып көк теңізге күн батады.

Шағаланың үн-сазын аңсап жетсең,

Көк теңіз сырлы әуенін тыңдатады.


Суреттерден көрдім мен толқыныңды

Неткен ғажап!

Жағаға толқып ұрды,

Сені көрген адамдар ең бақытты

Жүрегімнен шабытты жыр төгілді.


Аралым, туған жерге қайтып келші,

Талай ақын жыр қылған кейіпке енші.

Жүректі тебірентіп шабыт беріп,

Маған муза болардай кейіптенші.


Келмейді ешкім сені табалауға,

Қасиетіңді әз халқың бағалауда

Кіші теңіз ұласар ұшан болып,

Үмітпен тағы келдім жағалауға...

Ақнұр БЛЯЛОВА,

ҚМУ 1-курс студенті.

ӘДЕБИЕТ 13 ақпан 2020 г. 465 0