итпен сүйреп апара алмайсыңдар!

109

0

 
Ылғи да қымбат құрал-жабдықтарға тапсырыс бересіңдер! Химия факультеті де солай, лаборатория жабдықтары қымбат, химреактивтер де өте қымбатқа түседі! Мына математиктерден үлгі алмайсыңдар ма. Оларға қағаз, қарындаш пен өшіргіш болса болғаны! Ал негізінде, ең үнемді факультет – саясаттанушылар, оларға тіпті өшіргіштің де қажеті жоқ, – деген екен.
***
– Кеше ет комбинатында болып, колбасаның қалай жасалатынын көрдім де, енді ет жемейтін болдым.
Бүгін сүт фермасына барып, сыр, айран, сүттің қандай жағдайда жасалатынын көрдім. Бұдан былай сүт тағамдарына жоламаспын. Осы көргенім жетер! Енді арақ зауытына мені итпен сүйреп апара алмайсыңдар! – депті біреу.
***
Бір ауылдан тұрғындардың көбі орталыққа көшіп кету керек деп ұйғарады. Оларды ауыл әкімі жинап алып: – Туған ауылдарыңды тастап қайда барасыңдар, астарыңнан су шықты ма? – дегенде, бір қушыкеш: – Басеке, ауыз су бағдарламасы іске қосылмай тұрса қайдағы су? – деген екен.

*** – Біз әйеліміз екеуміз дискотекада кездестік… – Қандай романтика! – Несі романтика? Мен оны «үйде балалармен отыр» деп тастап кетсем, желпілдеп жетіп келіпті…

egemen.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз