«Рух» халықаралық әдеби конкурсы жарияланды!

118

0

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, «Әдебиет порталында» онлайн түрде «Рух» халықаралық әдеби конкурсы жарияланып отыр.
Аталған конкурс ҚР Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелерді жүзеге асыруға атсалысу; қазақ әдебиетін әлемдік деңгейде насихаттау; қазақстандық және шетелдік қаламгерлер арасында өзара байланыс орнату; ұлттық сананы жаңғыртудағы әдебиеттің рөлін арттыру; жас ұрпақтың бойында төл әдебиетімізге деген қызығушылықты күшейту; ақын-жазушылардың қоғамдағы беделін арттырып, ұлттық сананы жаңғыртудағы қаламгерлердің рөлін нығайтуды жүзеге асыру мақсаттарын жүзеге асыруды көздейді.
Конкурстың жүлдесі қомақты және төмендегі номинациялар бойынша жарияланып отыр:
– проза жанры бойынша: роман, повесть – Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;  
– проза: әңгіме, эссе – 2 млн. теңге; Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;  
– поэзия: поэма – 2 млн. теңге; Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;  
– поэзия: топтама өлеңдер – 2 млн. теңге; Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;  
– драматургия – 2 млн. теңге; Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;  
– әдеби сын – 2 млн. теңге; Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;    
– поэзия (балаларға арналған өлеңдер) – 2 млн. теңге Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;  
– проза (балаларға арналған прозалық шығармалар) – 2 млн. теңге. Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге.  
Конкурсқа қатысуға қойылатын талаптар мен қатысуды ресімдеу, конкурс нәтижесін қорытындылау туралы шарттармен «Әдебиет порталының» http://adebiportal.kz/kz/ruh «Арнайы жобалар» айдарынан таныса аласыз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз