ШАЛҚИДЫ АРАЛ

120

0

Ай, ақсарбас, ақсарбас
қарт Аралым!

Күнің туды жанатын қайта
бағың.

Ырзық болған талайға мәрт
Аралым,

Сүйінші, Арал!

Жобаның жолы ашылды,

Шалқар суға толады шартарабың…

Жаңалыққа құлақ түр халқым, жүдә,

Ойнақ салды жағада толқын бұла.

САРАТС-ты сарғайып тосқан елдің,

жанды үміті,

жолда қап нарқың мына…

Кемел жоба келгенде келісімге,

Кеңіп сала берді енді өрісім де.

Елбасымен еншілес еткен еңбек,

Рахмет айтамыз Сен үшін де!!!

Күйге бөлеп Кіші Арал… күміс көлді.

Ынтымақтың жемісі

ырыс келді!

Енді сенсің Ертеңге жеткізетін,

Елбасымыз қолдаған бұл істі енді.

Кешегісі Аралдың жырақ мүлдем,

Шалқар теңіз болмайды бұлақ бірден.

Осыған облыстың қолы жетті,

Көптен күткен,

Күллі жұрт құлақ түрген…

Жарқын күнге жақсы үміт жалғайды елді,

Несібесін халқымның Алла-ай, берді.

Балығы бар көл жетім болмайды енді,

Басшысы бар ел жетім болмайды енді.

Асқақтаған тәуелсіз атағы елмен,

Игі жақсы иіліп бата берген.

Ел сенімін ақтай бер Едігедей,

Айналайын перзенттен
ата көрген…

Ақ шағалам шарқ ұрған құтты өрісі,

Арал деген Тұранның кұт кеніші.

Қадамына гүл бітіп дүр жобаның,

Талабына болды бұл біткен ісі.

Тағдырыңнан мен емес жаси қалар,

Жасқаншақтар!

желкесін қасиды олар…

Батылдардың-Кіші Арал бастамасы,

Екінші рет бой бермей тасиды Арал!

Толыбай Абылаев,

Жарасқан Әбдірашев атындағы
әдеби

сыйлықтың лауреаты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз