«Өткен әзиз әулиелер»

105

0

Қаламгер Шайдарбекқажы Әшімұлы құрастырып, жинақтаған «Өткенәзиз әулиелер» атты кітабыоқырманға жол тартты. КітапҚызылорда қаласында «Полиграфия баспаүйі» баспаханасында басылыпшықты.

Мұнда арғы-бергі замандарда өмір сүрген тарихи тұлғалар жайлы ақиқат пен аңыз, әпсана, тәмсілдер топтастырылған. Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауиден бастап, әулиелер көшіне ілескен ахун, ишан, дамолла, қалпелердің ғұмырбаяны мен өнегелі өмірі жазылған. Яғни, кітапта есімдері ел арасына кең тараған және әлі күнге дейін ескерусіз қалған бабалардың ерлік істері мен көрегендігі, білгірлігі жайлы баяндалады.

Ұлылар қасиеті мен Жаратқанның құдіреті, руханияттың сан қырлы құпиясынан сыр шертетін әрбір әңгіме оқырманын жаратылыс күшін сезінуге жетелей түседі. Сондай-ақ бұл жинақ көңілі кірден тазарған, жүрек көзі ашылған қасиетті бабаларымызды құрметтеуге үндейді. Рухани тарихымызды терең танығысы келген оқырман автордың кітабына үңілуі қажет.

Айта кетейік, Шайдарбек Әшімұлының осы елеулі еңбегі ескеріліп, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі атанды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз