100 сұрақ – 100 жауап

50

0

Қазіргі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтан¬дырудың мін¬деттері мен мақсаттарын халық арасында түсіндіру жұмыстары өзекті болып отыр. Осыған орай, тақырыптың маңыздылығын ескере отырып, басылым бетінде «100 сұрақ – 100 жауап» арнайы айдары ашылып, онда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты сұрақтарға жауап берілетін болады.
– Емханаларда ұйымдастыру¬шы¬лық тех¬¬ника жетіспейді, ал қол¬даныста бары ес¬¬кір¬ген, сондық¬тан анализге рецептті не¬месе жол¬даманы 40 минуттай тосуға тура ке¬леді (осындай жағдай 6 емханаларда бар). Оған қоса қабылдау графигі сақталмайды. Сонымен қатар медициналық персонал екі есептілікті жүргізуге мәжбүр – қағаз және электрондық.  Нәтижесінде, тар көлемді ма¬манға жету үшін алдымен терапевт каби¬нетінің жанында жарты күн тұру керек, одан кейін УДЗ немесе басқа да тексерулерге жету үшін тағы 2-3 апта күту керек. Осындай жағдайларда, ақылы дәрігерге қаражаты жоқ нау¬қастар алтын уақыттарын жоғалтады, ауру келесі кезеңге көшеді. Бұл проблема ме¬дициналық сақтандыруға көшкен кезде шешіледі ме? Қалайша?
– Біріншіден, әлеуметтік меди¬ци¬на¬лық сақ¬тандыру жүйесі жағ¬дайында, медициналық қыз¬меттерді көрсетуге арналған кон¬курсқа жұ¬мыскерлерінің саны, тех¬никалық жабдықталу және меди¬циналық көмек ұйымының құ¬¬ры¬лымы белгіленген минималды талаптарға (стан¬дарттарға) сәйкес келетін медициналық ұйым¬дар ға¬на қатыса алады. 
Екіншіден, конкурсты тек са¬палы медици¬налық қызмет көр¬сеткендер ғана жеңе алады.
Ал ауылдық денсаулық сақтауға қатысты болса, онда оларға жал¬ғыз қызметтерді жеткі¬зушілер ретінде, ӘлМСҚ, ұсынылатын ме¬дициналық көмектің сапасын жыл сайын арттыру талаптарын қояды.
Үшіншіден, 2018 жылдан бастап ауруханалар мен емханаларда техникалық қайта жабдықтау мүмкіндігі пайда болады, өйткені осы жылдан бастап Қор амортизациялық аударымдарға қаражат бөледі.
Төртіншіден, қолданыстағы ақпараттық жүйе бүгінгі таңда қабылдауға E-GOV, меди¬ци¬на¬лық ұйымдардың өз порталдары арқылы жа¬зылуға мүмкіндік береді. МӘлМС енгізу сәтіне қарай барлық ұйымдардың МӘлМС-тің АТ-жүйелеріне рұқсаты болуға тиіс.
– Медициналық сақтандыру дәрігер жа¬зып берген дәрілерге жұмсалған шығынның орнын толтырады ма және қандай ауру¬лар  100%-дық өтеледі?
– Мемлекет қазіргі кезде халыққа ұсы¬нылатын тегін дәрілік заттардың тізімін анық¬тады. МӘлМС пакеті шеңберінде осы тізбе тек сақталып қана қоймай, сондай-ақ бірқатар позициялар бойынша кеңейтіледі және жақ¬сартылады. 
– ММС жүйесінде сақтандырылған адам республикадан тыс жерде тегін емделе алады ма?
– Жоқ. Медициналық сақтандыру қоры тек Қазақстан Республикасында көрсетілген ме¬дициналық қызметтер ғана төлейді.  
– Жұмыс беруші ӘлМСҚ-қа мен үшін салым төлейтіні туралы өз бетінше қалай білуіме болады?
– Егер ғаламторға кіруге мүмкіндігіңіз бол¬са, онда Сіз, Медициналық сақтандыру қо¬рынан сақтандыру салымдарының аударылуы туралы ақпаратты автоматты түрде жеке элек¬трондық поштаңызға ала аласыз немесе жеке мәліметтеріңізді көрсете отырып, Қорға ресми түрде сұрау жібере аласыз.  
Егер ғаламторға кіруге мүмкіндігіңіз бол¬маса, онда Медициналық сақтандыру қорын¬дағы салымдар туралы Сіз бекітілген емханаға, МЗТО, ХҚҚО, аумақтық жұмыспен қамту орталықтарына хабарласып білуге болады.
– Егер мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарға жатсам, менде уақытша табыстар болса және мен жұмыссыз ретінде тіркелмеген болсам, онда мен ӘлМСҚ-ға салымдар аударуға тиіспін бе, егер ия болса, онда қайдан және қанша пайыз аудару керек?
– Егер Сіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар са¬натына жатсаңыз, онда 2020 жылға дейін Сізге жоспарлық госпитализациялаудан басқа медициналық көмектің барлық пакеті ұсы¬нылады. 
Біз Сізге жеке кәсіпкер ретінде тіркелуді және мәлімдеген табыстан аударымдар жасауға немесе жұмысқа орналасу немесе жұ¬мыссыз мәртебесін алу үшін жұмыспен қамту органдарына жүгінуді, немесе – сондай-ақ өз бетінше екінші деңгейдегі банктер арқылы ӘлМСҚ-ға МЖА-ның 2%-ы көлемінде аударымдар жасауды ұсынамыз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз