100 сұрақ – 100 жауап

56

0

Қазіргі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтан¬дырудың міндеттері мен мақсаттарын халық арасында түсіндіру жұмыстары өзекті болып отыр. Осыған орай, тақырыптың маңыздылығын ескере отырып, басылым бетінде «100 сұрақ – 100 жауап» арнайы айдары ашылып, онда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты сұрақтарға жауап берілетін болады.
– Жұмыссыздарға медициналық сақтандыру алу үшін жұмыссыз мәртебесін алуға тиіс деп айтады. Бірақ, егер ауылда жарамды жұмыс болмаса және ЖК ашуға да табыс жетпесе, тек  2-3 сиыр мен бақша ғана болса, онда қалай болғаны? Яғни, ертең бізге медициналық көмек көрсетуден бас тартылады ма? 
– Сізге көмек беруден бас тартылмайды, өйткені барлық азаматтар үшін медициналық көмектің кепілденген көлемі бар. Бұл жедел-жәрдем көмек және санитариялық авиация; әлеуметтік-маңызды аурулар және шұғыл жағдайлар кезіндегі медициналық көмек; профилактикалық егулер; амбулаторлық-дәрілік қамтамасыз етумен амбулаторлық-емханалық көмек (2020 жылға дейін). 
Одан басқа, Сіз медициналық сақтандыру қорына жарналарды ауылдық елді мекендерде «Қазпошта» арқылы, екінші деңгейдегі банктер арқылы АЕТ 2%-ы көлемінде аудара аласыз.
– Госпитализацияға төлем қалай жүргізіледі?
– Шұғыл жағдайларда 24 сағатқа дейінгі госпитализация, азамат сақтандырылған немесе сақтандырылмаған екеніне тәуелсіз төленеді. Сосын, бір тәулік өткеннен кейін госпитализация жоспарлық болып саналады, оған сақтандырылғандарға және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарға ғана төлем жүргізіледі (2020 жылға дейін).
– Мынадай жағдайда қалай болады? Жұмыссыз ретінде тіркелмеген, бірақ қазіргі кезде ауру бойынша туберкулез диспансерінде орналасқан, ЖММК кардиохирургия бойынша жылдам емделуге қажетсінуде.  
– Әлеуметтік-маңызды аурулар 2024 жылға дейін кезең бойынша МӘлМС пакетіне беріледі. Туберкулезбен ауырған адамдарға ЖММК көрсету мемлекет есебінен қарастырылған.  
– Жұмыс берушілер аударатын жарналар жұмыскердің жалақысына байланысты ма?
– Ия, жұмыс беруші барлық жұмыскерлердің еңбектеріне ақы төлеу қорынан аударады, ал жұмыскерлерге арналған аударымдар олардың белгіленген еңбекақы көлемінен жүреді.
– Есептелген жалақыдан немесе салық ұсталып қалған (зейнетақы, табыс) жалақыдан төленеді ме?
– Жарналарды аудару зейнетақы аударымдарын шегергеннен кейін және табыс салығын шегергенге дейін жүргізіледі.
– Кез келген стационарға немесе емханаға (оның ішінде жеке) тіркеусіз немесе жолдамасыз хабарласуға болады ма?
– Шұғыл жағдайлар кезінде кез келген медициналық ұйымдарға тіркеусіз немесе жолдамасыз хабарласуға болады.
МӘлМС пакеті шеңберіндегі медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының барлық аумағында, аумақтық тиістілігі мен меншік нысанына тәуелсіз ұсынылады. Сонымен бірге жалғыз шарт медициналық ұйымның медициналық сақтандыру қорымен жасалған келісімшарты болып табылады.
– Егер қолданыстағы жүйе жап-жақсы жұмыс істесе, онда бізге міндетті сақтандырудың қажеті неде?
– Бүгінгі таңда қолданыстағы денсаулық сақтау жүйесінің бірнеше негізгі проблемаларды шешуге жағдайы жоқ:
1) Медициналық ұйымдар арасында пациенттерді тартуға бәсекелестіктің болмауы.
Қолданыстағы жүйеде мемлекет медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін барлық медициналық ұйымдар арасында қаражатты тең үлестіретін жалғыз қызметтерді жеткізуші ретінде келеді. Сонымен бірге, тең үлестіру практика жүзінде мынаған әкеп соқты, бір бағдарлы және бірдей қабылдау күші бар медициналық ұйымдар, олар көрсететін медициналық көмектің сапасына тәуелсіз бірдей қаржыландыру көлемін алады. Бұл, қымбат тұратын ауруларды емдеуді кеңейту есебінен көптеген медициналық ұйымдарда барынша көп ақшаны «тартып алу» үрдісін тудырды, ең басты көрсеткіш – көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғалта отырып.
2) Төлемдердегі теңгермешілік және бейресми төлемдердің өсуі
Өкінішке орай, дәрігердің тәжірибесіне, білімі мен дағдыларына тәуелсіз барлық бір бағдарлы мамандар, олардың бірдей жұмыс тәжірибелері жағдайында бірдей еңбекақы төлемін алады. Осыған байланысты, қазір пациенттер таңдаған көптеген танылған дәрігерлер жеке құрылымдарға немесе жеке кабинеттерге көшіп жатыр, ол жерде олар кәсіптік дағдыларына сәйкес ақша таба алады. Бұл өз ретінде халық үшін қосымша ауыртпалық болып келеді.
3) Әлеуметтік қамқоршылдықты сақтау
Мемлекет кепілдендірген медициналық көмектің көлемі халықтың көбісіне олардың денсаулығы үшін мемлекет жауап береді деген пікір тудырады. Практика жүзінде азаматтардың денсаулығының 20%-дан артық емес пайызы медицинаға тәуелді, қалғаны – өмір салты мен қоршаған ортаның, генетиканың және т.б. әсері болып табылады. Бұл жағдай енгізіліп отырған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде қарастырылатын медициналық көмекті қаржыландыру және ұйымдастыру тәсілдерін күрделі өзгертуді талап етеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз