100 сұрақ – 100 жауап

49

0

100 сұрақ – 100 жауап – Медициналық сақтандыру жүйесіне төленетін салымдардың көлемі қандай болуға тиіс?
– Егер Сіз жұмыс беруші болсаңыз, онда Сіз ай сайын Қорға – 2017 жылғы шілдеден бастап сіздің қызметкерлеріңіздің еңбекақы қорынан – 2%, 2018 жылы – 3%, 2019 жылы – 4%, 2020 жылы 5% сақтандыру аударымдарын жүр¬гізетін боласыз. Қайта үйлестіру со¬малары корпоративтік табыс са¬лы¬ғынан (КТС) шегеруге жатқы¬зылады. Сонымен бірге, ай сайын қызметкердің нақты еңбекақысынан 2019 жылы – 1%, ал 2020 жылы – 2% ұстап қалып, Қорға аудару қажет. Қайта үйлестіру сомалары жеке табыс салығынан (ЖТС) шегеруге жатқызылады. Сонымен қатар ауда¬рымдарды/жарналарды есептеу үшін қабылданатын айлық табыс мини¬малды еңбекақының 15-еселік көлемінен аспау керек (2016 жылы – 342 885 теңге).  
Сақтандыру аударымдары мен жарналар қорға мынадай табыс түрлерінен төленбейді:
* қызметтік іссапарларға ком¬пен¬¬са¬циялардан және қосалқы си¬пат¬тағы жұмыстан;
* қызметкерлердің егістік жұ¬мыс¬¬тарынан;
* бюджет қаражатынан қызмет¬кер¬лерді жеткізуге, оқуға ақы тө¬леуге, жәрдемақы және ком¬пенсацияға байланысты шығын¬дардан;
* сауықтыруға арналған жәрдем¬ақы мен демалыс жәрдемақысынан, медициналық қызметтерге ақы төлеу, бала туу кезіндегі, минимальды жалақы (МЖ) шеңберіне жерлеуге берілген төлемдерден;
* стипендиядан;
* сақтандыру сыйақыларынан.
– Жұмыс беруші үшін МӘлМС-қа аударымдар тетігі қан¬¬дай болады? 
– Аударым сомалары корпора¬тивтік табыс салығының шегерім¬деріне жатады. Осылайша, жұмыс беруші үшін салық салынатын негіз азаяды. Мысалы, егер Сіздің табысыңыз МӘлМС енгізгенге дейін 100 мың теңге, ал шығыстарыңыз 80 мың теңгені құраса (оның ішінде еңбекке ақы төлеу қорына 40 мың теңге), онда Сіздің салық төлеміңіз 4 мың теңгені құрайтын еді. Ал МӘлМС жағдайында салық төлемі 3,8 мың теңгені құрайды, өйткені салымдар жұмыс берушінің шығысына қатысты болады. 
– 2019 жылы табыс салығын есептеу кезінде жұмыскерлердің жар¬налары шегеруге жатқы¬зы¬лады ма?
– МӘлМС-ке салымдар ЖТС және КТС бойынша шегеруге жатқызылады, осылайша, салық са¬лынатын негіз, сәйкесінше салым¬дар мен жарналардың сомасына азайтылады.
– Жеке кәсіпкерлер, шаруа қо¬жа¬лығының жұмыскерлері, базар¬дағы сатушылар жарналарды қалай төлейді?
– Жеке кәсіпкерлердің жарна¬ларын есептеу және төлеу салық органдарына мәлімдеген табыстан, табыс болмаған жағдайда МЕТ 2%-ы көлемінде жүргізіледі.
 ӘлМСҚ-ға шаруа қожалығының жұмыскерлері үшін жарналарды жұмыс беруші төлейді. Оның та¬рапынан табыс болмаған жағ¬дайда, жұмыскерлер өз бетінше екінші деңгейдегі банктер арқылы МЕТ 2%-ы көлемінде Қорға салымдар жасай алады.
Базардағы сатушылар, егер олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, онда сол сияқты мәлімдеген табыстан аударымдар жасайды. Егер ол жалдамалы жұмысшы болса (базардағы сатушылар), онда жарналар еңбек шартында көрсетілген еңбекақы деңгейінен аударылады.  
– Менің жұмыскерлерім қым¬бат жоғары білікті маман¬дан¬дырылған медициналық кө¬мек¬ті ала алады ма?
– Ия, әрине. Әлеуметтік медициналық сақтандыру, жұмыс бе¬руші және жұмыскерлер барлығы жүргізген салымдар көлемінен біраз артық бағалы, жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуға Сіздің жұмыскерлеріңізге мүмкіндік береді.
Мысалы, Қорға жылына 240 мың теңге сомасына аударымдар жасаса, егер мәселе 1 млн теңге тұратын жүрек операциясы жайлы болса, онда Сіздің жұмыскеріңіз Медициналық көмек қорының қаражаты есебінен төлеуге сүйене алады, оған қоса дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және оңалтулық қолдау.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз