100 сұрақ – 100 жауап

68

0

– Медицииналық жұмыскер¬лер¬дің еңбекақысын арттыру тетігі қандай? Қандай көздерден бұны жасау көзделген?
– МӘлМС жағдайында әрбір меди¬циналық ұйым еңбекке ақы тө¬леу мәселесінде сараланған әдіс¬ті енгізе алады, персоналдың материалдық ынталандыру үлгісін өз бетінше қалыптастыра алады.
Бұл танылған кәсіпқойлар, тә¬жіри¬белі жоғары білікті дәрігер¬лер, қазіргіге қарағанда, көбірек еңбекақы алады дегенді білдіреді. Медициналық ұйым менеджменті емханалардың табысты қызметі мен қаржылық әл-ауқаты жоғары санатты мамандарды тартуға байланысты болатынын түсіну керек. Осындай еңбекке ақы төлеу тетігі жеке медицина секторында бұрыннан бері қолданылады және өзінің тиімділігін дәлелдеді. Практикада бүгінгі таңда көптеген пациенттер емделу мен консультация үшін, сәйкесінше лайықты материалдық қамтамасыз етуді алуға тиіс мәртебелі дәрігерлерді таңдайтыны құпия емес. Әлеуметтік сақтандыру жүйесінде жұмыскерлердің еңбегін ынталандыратын осындай тетіктер болады, өйткені медициналық қыз¬меттердің сапасы мен қорытынды нәтиже МӘлМС-тің негізгі мақ¬саттары болып табылады.
– Медициналық қызмет сапа¬сын бағалаудың қандай крите¬рийлері болады?
– Қор қолданатын критерий¬лер¬дің негізгі тобы пациенттердің қауіпсіздігі, клиникалық және экно¬микалық тиімділік, медици¬на¬лық қызметтерге өнім берушілер арқылы құнды көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу.
– МӘлМС енгізу бойынша пи¬лоттық өңірлер болады ма және олар кімдер?
– МӘлМС енгізу Қазақстан Рес¬публикасының барлық өңірлерінде бір уақытта жүргізіледі, сондықтан пилоттық өңірлердің болмайтынын білдіреді.
– ӘлМСҚ қаражаттарын бө¬лу¬дің айқындылығы қалай қамта¬масыз етіледі?
– Қазіргі уақытта, жаңа модель¬де теңгерімділіктің және Қордың тұрақтылығын қамтамасыз ету¬дің жаңа макроэкономикалық құрал¬дары ескерілген тәрізді, сонымен бірге қаражатты жинау мен бөлудің айқын жүйелері де ескерілген.
Бастапқы кезеңде, қаржылық есеп¬тілікті жариялау жөніндегі стан¬дарт¬тық талаптармен қатар, Қор қыз¬метінің айқындығын арттыру меха¬низмдері әзірленеді.
– Медициналық сақтандыру қорының конкурсына қатысу үшін медициналық ұйымда ақпа¬раттық жүйенің болуы міндетті ме?
– Денсаулық сақтаудың жаңа электрондық жүйесі ұйымдасты¬рылады, оның шеңберінде Сіздің жеке кабинетіңіз болады. Ол жерде емханаға бару, стационарда емделу, тексерулер мен анализдердің нәти¬желері, дәрігерлердің қорытын¬дылары және олардың ұсынымдары туралы барлық ақпарат болады.
– ӘлМСҚ қызметіне қоғамдық бақылау қамтамасыз етіледі ме?
– Бақылауды қамтамасыз ету тетіктерінің бірі «Міндетті әлеумет¬тік медициналық сақтандыру туралы» заңда бар – бұл Медици¬на¬лық қызметтердің сапасы жөнін¬дегі бірлескен комиссия. Бұл комиссия ДСӘДМ, ӘЛМСҚ, қоғам өкілдері арасындағы диалогтік келісім алаңына айналады. Қоғамдық бақы¬лау аталған комиссияның құрамына дәрігерлер мен пациенттер қауым-дастықтарының және өзге де ҮЕҰ өкілдерін міндетті түрде енгізу арқылы жүзеге асырылады.
ӘлМСҚ жарғысында сондай-ақ, Қоғамдық кеңес құру арқылы бақылауды қамтамасыз ету тетігі қарастырылады, ол сол сияқты ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен диалогтік алаң болады.
– Медициналық қызметкерлер МӘлМС енгізуден нені алады?
– Денсаулық сақтау қызметкер¬лері МӘлМС енгізуден мынадай пайда мен артықшылықтар алады: еңбек нәтижесі бойынша ақы төлеу, ынталандыру пакеті, оның ішінде материалдық ынталандыру, әлеуметтік пакет, сыйақылар, бо¬нус¬тар, жұмыс беруші есебінен бі¬ліктілікті арттыру мүмкіндігі: меди¬циналық техниканы жаңарту, жұ¬мыс процестерін оңтайландыру және еңбек шартын жақсарту, жұ¬мыс орнында оқыту, кәсіптік мобильділік.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз