2014 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАЗАН- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ КҮНІ

46

0

Осыған орай облыстық сайлау комиссиясы төмендегідей мәлімет береді: Облыстық сайлау комиссиясының орналасқан мекенжайы: 120000, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, н/з (Облыстық басқармалар үйі), екінші қабат №230, 231 кабинеттер, телефондары: 605434, тел/факс:
605436, эл.пошта: sailu_orda@mail.ru.

Облыстық сайлау комиссиясының құрамы: Қайроллаұлы Қорғанбек – төраға, Нұғманов Мұрат Сәндібекұлы – төраға орынбасары, Наурызбаев Қожамжар Ыбырайұлы – хатшы, мүшелері: Сыздықов Пірмұхамбет Айтбайұлы, Сырлыбаева Аягөз Мұратбекқызы, Төрешова Ләйла Бегалықызы, Чагай Руслан Петрович.

 

Депутаттыққа
кандидаттар тіркелді

 

Облыстық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 және 7 тамыздағы хаттамаларымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар болып, төмендегі азаматтар тіркелді:

Еламанов Бекмырза Қайыпұлы, 1950 жылы туған, жоғары білімді,облыстық мәслихаттың хатшысы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қызылорда қаласында тұрады;

Оразбекұлы Әшім,
1957 жылы туған, жоғары білімді, Шиелі аудандық мәслихатының хатшысы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Шиелі ауданында тұрады;

Рүстемов Руслан,
1968 жылы туған, жоғары білімді, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қызылорда қаласында тұрады;

Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы, 1956 жылы туған, жоғары білімді, «Ы.Жақаеватындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ның бас директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қызылорда қаласында тұрады;

Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы, 1972 жылы туған, жоғары білімді, облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қызылорда қаласында тұрады.

Облыстық сайлау комиссиясы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз