Түсіндірме сабақ өтті

Жақында Заң тобы қызметкерлері кәсіби қызметтік дайындық сабағы шеңберінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің, оның ішінде тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін түсіндіру бойынша жеке құрамға сабақ өткізді.
Сабақ барысында Департамент қызметкерлеріне тексеру тағайындау туралы актілерді рәсімдеу, тіркеу, тексеру жүргізу тәртібі мен тексеру жүргізетін және тексеру жүргізілетін субъектілердің құқықтары мен міндеттері толық түсіндірілді.
Сонымен бірге, сабақ барысында тексеру жүргізілетіні туралы хабарлама рәсімдеуде тексерілетін субъектіні тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, тексеру басталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын тексерілетін субъектіге жазбаша хабарлау міндеттілігі туралы айтылды.

Қызылорда облысы ТЖД

АҚПАРАТ 20 маусым 2018 г. 298 0