Өрт сөндірушіге алғыс білдірді

2018 жылдың 17 маусымында орын алған өрт оқиғасында жедел әрекет еткен өрт сөндіру қызметінің қызметкері азаматтық қорғау майоры Нұрбол Исановқа Төле би көшесі №139 үй 59 пәтердің тұрғыны Т.Байғазиев алғыс білдірді. 

«Мен - Байғазиев Т.Ж. Төле би көшесі №139 үй 59 пәтердің  тұрғыны 2018 жылдың 17 маусымында сағат 8 сағат 15 минутта ұйқымнан тұрып, үйімнің ас бөлмесін ашқан сәтте қою қара түтін шығып жатқанын байқадым, сол уақытта көршім Нұрбол Исанов дер кезінде келіп, анамды, әйелімді және 3 баламды сыртқа шығару жұмысын жүргіздік, одан соң дереу шелекпен су шашып, өртенген жерді сөндіруге кірісті». «Өрт сөндіру қызметінің қызметкері Нұрбол Исановқа үлкен алығысымды білдіремін, өзінің тәжірибелік біліктілігі арқасында отбасымды аман алып қалуға үлкен көмегі тиді», - деп жазды ол алғыс  хатында.

2018 жылғы  17 маусымда 08 сағат 23 минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер Төле би көшесі №139 мекен-жайдағы  бес қабатты тұрғын үйдің №59 пәтерінің балконында көрпе-төсектер жанғандығын анықтады. (пәтер иесі 1979 ж.т. Байғазиев Талғат). Өртті сөндіруге «ӨСжАҚЖҚ» ММ №2 МӨСБ 6 қызметкері  2 өрт сөндіру автокөлігімен атсалысты (АЦ-2,5-40 Зил, АС-30 Камаз). Өрт сөндіру бөлімінен ара қашықтығы 4,5 шақырымды құрайды. Жергілікті полиция қызметінен 2 қызметкер 1 бірлік техника, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-нан 3 қызметкер 1 бірлік техника,  жедел жәрдемнен 3 қызметкер 1 бірлік техника, электр торабы қызметінен 2 қызметкер 1 бірлік техника оқиға орнына барып жедел әрекет етті. Өрттің шығу себебі: анықталуда. Өрт  08 сағат 40 минутта оқшауланып,  08 сағат 41 минутта жойылды.  Өрттің көлемі – 2 шаршы метрді құрайды. Өрт сөндіру кезінде  5 адам құтқарылды. 

        

Қызылорда облысы ТЖД

АҚПАРАТ 20 маусым 2018 г. 396 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930