25 ЖҮРГІЗУШІ ІШІП ЖҮР ЕКЕН

49

0

Мамыр айының соңғы күндері облыс көлемінде «Қауіпсіз жол” жедел алдын алу шарасы өтті.

Шараның мақсаты – жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануды төмендету және жолаушылар тасымалы саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау, апатқа тікелей әсер ететін жол қозғалысы ережесін бұзу, көлік құралдарын мас күйде басқару деректерін анықтау, сондай-ақ жылдамдықты арттыратын құқық бұзушылықтардың жолын кесу және ахуалды жедел сауықтыру.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлағанындай, шара барысында жол-көлік оқиғаларына тікелей септігін тигізетін өрескел құқық бұзушылықтардың бірнеше бағыттары бойынша жұмыстар атқарылып, түнгі рейдтер ұйымдастырылған.

Алдын алу шарасының алғашқы екі күнінде 1125 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, көлікті мас күйінде айдаған 25 жүргізуші мен қауіпсіздік белдігін тақпаған 266 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылыпты.

Біздің анықтама: Өткен төрт айда облыс көлемінде барлығы 35 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталса, оның ішінде жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік құралдарының жүргізушілеріне 545 әкімшілік хаттама толтырылған.

 

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз