Облыстық ветеринария басқармасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Қазақстан Республикасының 2002 жыл­ғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» За­ңына және ҚР Ауыл шаруашылығы минис­трі­нің 06.06.2015 ж. №7-1/418 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қыз­меттер стандарттарын бекіту туралы» бұйры­ғына сәйкес ветеринария басқармасымен екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда:

1. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» – ҚР 16.05.2014 ж. № 202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес;

2. Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру – ҚР АШМ 23.01.2015 ж. №7-1/37 бұйрығына сәйкес реттеледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер барысында стандартта көзделген құжаттар топтамасынан өзге артық құжат талап ету немесе заңбұзушылыққа жол беру фактілері орын алған жоқ.

2018 жыл басынан «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветери­нариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік қызметті  көрсету түрі бойынша 59 ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне есептік нөмір берілді.

Ал, ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру бойынша 1 лицензия рәсімделді.

Ветеринария саласының негiзгi мiндет­теріне жануарларды аурулардан қорғау және емдеумен қатар, халықтың денсаулығын жан­уарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жатады. Сондай-ақ, ҚР ау­мағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау, жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластауының алдын алу және оны жою, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру кіреді.

Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қыз­метпен айналысатын жеке және заңды тұл­ғалардың қызметіне ветеринариялық-сани­­тариялық бақылау және қадағалау жүр­гізу үшін шаруа қожалықтары мен өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер және ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия рәсімдеудің маңызы өте үлкен.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер барысында стандартта көзделген құжаттар топтамасынан өзге артық құжат талап ету немесе заңбұзушылық фактілеріне жол берілмейді.

АҚПАРАТ 25 қаңтар 2019 г. 288 0