Bolat joldyń boiynda

Қай уақытта да мемлекеттің күретамыры болып саналатын, ел мен елді жалғап жатқан теміржолдың орны ерекше. Қазір де сала мамандары еліміздің экономикасын нығайтуға зор еңбек сіңіруде. 

Қазалы ауданындағы ең ірі өндіріс орны  – локомотив жөндеу зауытының ұжымында қазір бірнеше мамандық иелері қоян-қолтық араласып, ұйымшылдықпен еңбек етуде. Кезінде қосалқы бөлшектердің тап­шылығы, тапсырыстың азаюы, тағы да басқа қиындықтар мен кедергілер ұжым мү­ше­лерінің төзімі мен кәсіби шеберлігін сынға салып, біраз абдыратқан еді.           

Әйтсе де, білікті басшы, тәжірибесі мол маман, «Құрметті теміржолшы», зауыт директоры Нұрлан Алмағамбетовтің Қазақстан және Ресей мемлекетінің мекемелерімен тығыз байланыс жасап, ұжымдағы оң психологиялық ахуал­дың орнығуына, маман­дардың табыстың кілтін табуға деген ұм­ты­­лысы зауытта ырғақты жұмыс ауанын қалыптастырды.

Ең алғаш рет Қазақстан бойынша, ТЭМ7А сериялы ең қуатты  маневрлік тепловоздарға күрделі жөндеу жұмыс­тары жасалды. Бұл тепловоздың ерекшелігі: барлық электрлік сызбалары заманауи түрде жаңғыртылған, микро­­процессорлық басқару жүйесі енгі­зілген, жылдамдығы жақсартылған, шанағы күшейтілген, электрдинамикалық тежегіш орнатылған, өте ауыр салмақты құрамаларды тартуға мүмкіндігі мол, сынақтан өткен  сенімді машина. Заман талабына сай заманауи қондырғылармен қамтамасыз етілген бұл техниканы игеруге зауыттың жұмысшы-қызметкерлері біліктіліктерін қалып­тас­тырып, жоғары кәсіби шеберліктерін  жетіл­діре отырып қол жеткізді.

Сонымен қатар, ұжым­да еңбек тәртібін қатаң сақ­тауға, жұмыс сапасын жақсартып, еңбек өнім­ді­лігін арттыруға ерекше маңыз берілген. Әрбір маманнан жауап­кер­шілік қатаң сұралады. Жұмыс барысын­да оның кәсіби шеберлігінің дең­гейі, із­денісі мен еңбегі үнемі ес­керіліп отырады. Басшы ма­мандардың жұ­мысты ұтымды ұйым­­­дастыра білуі қа­таң қада­ға­ла­нады.

Зауыт өнді­рі­сіндегі жұ­мыс­ты ұйым­­дас­тыруда жетекші маман­дарға үлкен үміт артылады. Сондықтан ұжымның шешуші учаскелерінде іскерлікпен еңбек етіп жүрген мамандар есімі әрқашан құрметпен аталады.

Мәселен, жоспарлау бөлімінің бастығы Жалғасбек Үмбетов, инженер-технолог Ға­лымжан Қосуақов, бас механик Серік Әбдіра­зақов, аға шебер Бектай Мұқашев, шебер Қып­шақбай Маханов, бригадир Амандос Ысқақов, жөндеушілер Асылбек Таңжанов, Тасболат Шазындаев, Руслан Оңғаров, Өмірбек Жаңабаевтың ортақ іске қосқан  қомақты үлесін атап өткен ләзім.

Қазір «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан өндірісті модернизациялау шараларына және жұмыс көлеміне сәйкес жұмысшылардың жұмыс орнын сақтап қалу мақсатында локомотив жөндеу зауыты бойынша 2019-2022 жылдарға болжамдар жасалып, іс-шаралар бекітілген.

 

Қанай  ЖАМБЫЛОВ,

Қазалы локомотив жөндеу зауытының қызметкері.

АҚПАРАТ 25 қаңтар 2019 г. 271 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930