Нұрбақыт – күміс жүлдегер

Жерлесіміз Нұрбақыт Жұмабек Иран астанасы Тегеранда каратэ-до спортының киокушинкай түрінен өткен жарыста күміс жүлдегер атанды. Халықаралық жарысқа 12 мемлекеттен 800-ден астам спортшы қатысты. 

65 келі салмақта сынға түскен Нұрбақыт жарыс барысында бес кездесу өткізді. Ә дегеннен қарсы­ластарынан күші басым түскен ол алғашқы кездесуден-ақ жеңіске бір табан жақындаған. Әйткенмен, ақтық сайыста ирандық спортшыға есе жіберіп алды. Аталған спорт түрінен бұған дейін Әсемгүл Есдәулет алтын алса, Қонысбек Әлішершәріп күміс жүлдегер атанған болатын.

АҚПАРАТ 05 наурыз 2019 г. 473 0