Көлікті абайлап жүргізіңіз

Қызылорда гарнизонына қамтамасыз ету жөніндегі әскери полициясының бастығы әділет майоры Н.Сейдуалиев және қатардағы жауынгер Ж.Искендировтың ұйымдастыруымен ҚР ҚК қарасты өңіріміз бойынша орналасқан 66597, 10216 Д, 10216 Ж әскери бөлімдері және 36739 Әуе қозғалысын реттеу орталығы, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Әскери кафедрасы», Қызылорда теміржол учаскесі мен станциясындағы әскери тасымалдар комендатурасының жол көлік оқиғаларын болдырмау және алдын-алу жөніндегі дәріске жауапты лауазымды офицерлер құрамына арналған жиын  өткізілді.
Алдымен, гарнизон бойынша әскери қызметшілердің көлікті жүргізу және жол қауіпсіздігі барысында бұзған ережелері туралы айғақтарға тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге қатаң тапсырма берілді.
Сонымен қатар, «ҚР ҚК әскери бөлімдер мен мекемелер паркінде ішкі қызметті ұйымдастыру кезінде құқық бұзушылықты ескерту туралы» баяндамаларда оқылды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Тұңғыш президент саябағы маңында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарына оқиға орнында  үш адам,  ауруханада бір адам көз жұмған. 66597 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері болатын.
Әр әріптес, әскери қызметшінің өмірі біз үшін өте маңызды деді - Қызылорда гарнизонына қамтамасыз ету жөніндегі әскери полициясының бастығы әділет майоры Н.Сейдуалиев.

Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің баспасөз қызметі
АҚПАРАТ 07 наурыз 2019 г. 419 0