Бала болашағы бәрімізге маңызды

Осы жылдың ақпан айында облыс әкімдігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өңірде ведомоствоаралық ынтымақтастықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерінің кешенді моделін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асырудың Жол картасын бекітіп, бірлескен іс-шаралар туралы меморандумға қол қойған болатын.
Осыған орай облыс әкім­дігінде арнайы жиын өтті. Онда облыстық білім басқармасының ­бас­­­­шысы М.Мел­де­бе­кова осы ба­ғытта атқары­латын жұ­мыс­тарды баян етті.
– Елбасы Н.Назарбаев кешегі өткен "Нұр Отан" пар­тиясының ке­зекті XVIII съезінде әлеуметтік мә­се­лелерге ерекше тоқ­талып, бұл бағытта бір­қатар нақ­ты тапсырма берген еді. Яғни, халықтың әлеу­меттік жағ­дайы әр­дайым басты назарда болмақ. Ол үшін кешенді жос­пар құ­ры­лып, жүйелі жұмыстар ат­қа­ры­лады, – деді басқарма басшысы.
Жалпы аймақта бі­лім саласы бо­йынша тұрақты қолдау шаралары қолға алынған. Басқарма бас­шы­сы­ның айтуынша, облыста 150 мыңнан астам оқушы бар, оның 33 процентке жуығы, яғни үштен бір бөлігі әлеуметтік қам­қор­лықты қажет етеді. Осыған сәйкес бүгінде аймақ басшысының қол­дауымен 500-дей жас колледждерде, 900-ден астамы жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Сондай-ақ, осы оқу жылында демеушілер есе­­­бінен жинақталған 76 млн теңгеге 24 мыңдай оқушыға тиісті көмектер берілген.
Осы жиында об­лыстық білім бас­қармасы және "Арал ­балалары" қо­ғамдық қайырымдылық қоры ар­қы­лы балаларға арнайы әлеуметтік қыз­мет­терді ұсы­нудың ке­шенді жос­пары түзілген келісім-шартқа екі жақ тарапынан қол қо­йылып, меморандум аясында атап көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру жайы талқыланды.
Айта кетейік, "Арал балалары" қоғамдық қа­­йы­­рым­дылық қоры он жылдан астам уа­қыт об­лыстағы қиын жағ­дай­дағы отбасы балаларына кешенді көмек көрсету шара­ларын ат­қарып келеді. Дәлірек айтсақ, осындай жағ­дай­дағы балаларға әлеу­мет­тік-педагогикалық, әлеуметтік-пси­хо­ло­гия­лық және әлеу­меттік-ме­ди­­ци­налық көмек бе­ріледі. Сонымен бірге, сол от­басының тұр­мыс­тық күр­делі мә­се­лелерін бір­лесе шешу жолдары қарас­ты­ры­лады. Яғни, жо­баның түпкі мақсаты – қандай жағдайда болмасын, ба­ланың өмі­ріне лайықты қолдау жасап, болашағын дұрыс ба­ғыттау.  
Жиын соңынан білім басқармасы және аталған қоғамдық қор "Бақытты отбасы" акциясы аясында 10 көпбалалы ананы мерекемен құттықтап, оларға арнайы сый­лықтар табыс­тады.
Ғазиза ӘБІЛДА.
АҚПАРАТ 12 наурыз 2019 г. 175 0