АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ЕРКІН ФОРМАТ

Таяуда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыс бойынша филиалы Town hall форматында кездесу өткізді. Қызметкерлердің корпоративті рухын қалыптастырып, жаңа форматы қызмет көрсетуді жақсарта түспек. А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысты.
Жиналғандарды еркін форматта ой бөлісуге шақыратын шарада мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.
– Мемлекеттік корпорация – еліміздің барлық аймағын қамтыған бірегей ұйым. Салада он сегіз мың адам мемлекеттік қызметтердің сапалы орындалуына үлес қосып жүр. Олардың әрқайсысының инновациялық идеясы мен ұсынысы қашанда қолдау табады. Жүзеге асқан бірнеше жоба да – осының дәлелі, – деді мемлекеттік кор­по­рацияның облыс бойынша филиалы директоры Айдын Кайруллаев.
Қызметкерлерді компания­ның күнделікті жұмысына белсенді атсалысуға ынталандыру мен сервистік мәдениет деңгейін жоғарылатуға жұмыл­дыруды мақсат еткен шарада облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов саладағы қыз-келіншектерді көктем мере­кесімен құттықтап, бірқатар мамандарды марапаттады.
Ержан ҚОЖАСОВ.
АҚПАРАТ 12 наурыз 2019 г. 162 0