Әлеуметтік шараларға 444,3 млрд теңге бағытталады

Сейсенбі күні ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік бастамаларын іске асыру аясында қарастырылған қосымша бюджет қаражаты қандай мақсаттарға бағытталатынын айтып берді.

Ә.Смайыловтың айтуынша, нақ­­ты­ланған бюджет бойынша қар­жыландыру сәуір айында баста­лады.

– Үкімет отырысында Мем­­ле­кет басшысының жаңа әлеу­­­меттік бастамалар бо­йын­­ша берген  бар­лық тап­сыр­ма­­ларына, сондай-ақ, бұрынғы Жол­дауларындағы мін­деттерге сәйкес 2019 жылға арналған рес­­публикалық бюд­жетті нақ­тылау туралы заң жо­­ба­сын ма­құлдадық. Тиісті қар­жы­­­лан­дыруды біз бюджет жо­ба­сында қарастырамыз, ол Пар­ла­мент Мә­жілісінің қарауына ен­гі­зіледі, біз депутаттармен бір­ле­сіп бұл жұмысты 4 сәуірде аяқ­тауды көздеп отырмыз, — деді Ә.Смайылов.

Баспасөз конференциясында Әлихан Смайылов тұрғын үй кезегінде тұрған аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қосымша сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлер үшін жыл сайын 50 млрд теңгеден бөлу жоспарланып отырғанын хабарлады. Қазіргі таңда бұл кезекте тұрғын үйге мұқтаж 28,1 мың көпбалалы отбасы тұр.

– Соңғы жылдары бюд­жет­тің басым бөлігі осы әлеуметтік салаға бағытталуда. Биыл қа­был­­данған бюджеттің 4,8 трлн теңгесі (45 проценті) әлеу­меттік салаға бөлінген, оның ішінде әлеуметтік қамту мен әлеуметтік көмек көрсетуге 3 трлн, денсаулық сақтауға – 1 трлн 117 млрд, білім беруге – 583 млрд, мәдениет пен спортқа – 78 млрд қаралып отыр, — деді Ә. Смайылов.

Премьер-Министрдің бі­рін­ші орынбасары – Қаржы министрі Елбасы тапсырмасымен қолға алынған «Әлеуметтік қамқорлық» шарасы аясында қосымша қар­жының қандай мақсаттарға жұмсалатынын да саралап өтті.   Осы жылға қаралып отырған 444,3  млрд теңгенің 224 млрд-ын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсетуді күшейтуге бағыттау жоспарлануда.  Аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін  50 млрд теңге қаралып отыр. ТҚЖБ арқылы жеңілдікпен несиелендіруге 50 млрд, өңірлік инфрақұрылымды дамытуға 90 млрд, «Ауыл – ел бесiгi» арнайы жобасын іске асыруға 30 млрд теңге жұмсалады.  

– Әлеуметтік қолдауға бағыт­талған 224 млрд теңгеге келсек, 2019 жылы тек атаулы әлеуметтік көмек үшін  49,6 млрд, 2020 жылы 115 млрд, 2021 жылы 108 млрд теңге жұмсалады. Мүгедектігі бойынша жәрдемақыны арт­тыруға биыл 5 млрд,  2020 жылы 13,8 млрд, 2021 жылы 14, 9 млрд теңге бағытталады. Бюджет саласындағы төмен жалақы алатын жұмыскерлердің еңбек­ақысын көтеруге биыл 169,7 млрд,  2020 жылы 397 млрд, 2021 жылы 410 млрд теңге бөлу көзделген,–деді Ә. Смайылов.

АҚПАРАТ 14 наурыз 2019 г. 147 0