29 қазан – Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні

50

0

29 қазан - Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күніИнсульт — ми тканінің зақымдалуын, оның қызметінің, мидағы қан айналысының кенеттен бұзылуы; осының салдарынан миға қан құйылады, немесе ми тамырлары бітеліп қалады (тромбоз). 
Инсульттың басты себебі — гипертония ауруы және ми тамырларының атеросклерозы. Оның пайда болуы қан айналысының тасуына байланысты. Көп ретте ауру адам кенеттен құлап қалады, есінен танады; оларда аяқ пен қолдың парезы (сал болуы) әдетте дененің бір жағынан басталады, тілі күрмеледі, алғашқы сағаттарда тыныс алуы бұзылып, денесі тырысады, құсады.
Көптеген ауру адамдарда инсульт кенеттен пайда болғанымен, осының алдында оның нышандары білінеді. Мәселен, гипертония ауруы және атеросклероз кезінде адамның басы айналады, миы зеңіп ауырады. Сырқаттың сырт киімін шешіндіріп, бас жағын көтеріңкіреп кереуетке жатқызу керек; адамның жатқан қалыптан қозғалмауы шарт. Дәрігерді дереу шақыру қажет. Мұндай науқаспен ауырған адам ерекше күтімді қажет етеді. 
Жыл сайын  әлемде Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні   29-шы қазанда атап өтіледі, ал 2014 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инсультті  – «ғаламдық індет» деп жариялады, ал 2006 жылы осы күн Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні   болып қабылданды. Аталмыш күнге орай қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу мақсатында 24 – 30 қазан аралығында  апталық жарияланып, барлық медициналық ұйымдарда «Ашық есік» күндері жарияланды.
Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күнінің мақсаты: Адамдардың қан айналымы жүйесі ауруы мен оның асқынуын дер кезінде анықтау үшін өз денсаулықтарына деген ортақ жауапкершілікті арттыру;  жұмыс істейтін тұрғындар үшін осы бағытта кешенді алдын алу шараларын бастау, инсульттан туындаған  өзекті мәселелерге қоғамның назарын аудару, аталған бағыт бойынша қызметкерлерді тегіс қамтитын профилактикалық шараларды бастау; ми қан айналымы жүйесінің жедел бұзылуының алдын алуға бағытталған мәселелерді шешуге жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдарының назарын аудару. Осы ауруға қарсы жаһандық шұғыл күресте белсенді шараларға жұртшылықты тарту болып табылады.
 Әлемде инсульт ауруының  таралуы 33 млн. адамды құрайды, соның ішінде: ишемиялық инсульт 87% құрайды, геморрагиялық 10% құрайды және торлы қабық астына жиналған қан құйылу инсульттары 3%, құраса, 25-44 жас аралығындағы инсультпен ауыратындар 60%-ды құрайды.
Қазақстан Республикасында инсультпен ауыратын 1000 адамға шаққанда 3,7%  құрайды,  бұл Ресеймен-2,39% және Германия-1,82%  салыстырғанда жоғары көрсеткішті құрайды). ДҰҰ мәліметтері бойынша, Қазақстанда инсульттан болатын өлім-жітім саны 1000 адамға шаққанда 1,08%  құрайды, Ресейден (1,17%) кейінгі 3-ші орында тұр.
Нейрохирургия ұлттық орталығының мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасында  неврологиялық аурулардың құрылымы: инсульт 52% құрайды, соның ішінде 29% жұмысқа жарамды тұлғалар, 29% омыртқаның дегенеративті ауруларына тиесілі, миеленсіздендіру аурулары -4,7%, жүйке жүйесінің перифериялық аурулары -9,4% құрайды, ОЖЖ дегенеративті аурулары 2,3% құрайды. Қазақстанда қазіргі уақытта  250 тұрғынға шаққанда 30-төсектік 36 инсульт орталықтары бар. 
Адамға мінез-құлықтық қауіп-қатер факторларының әсері ми қан айналымы жүйесінің жедел бұзылуының жоғарылауына әсер етіп, елеулі рөл атқарады. Олар: темекі тұтыну, дұрыс тамақтанбау және семіздік, дене белсенділігінің аздығы және алкоголь ішімдіктерін шамадан тыс тұтыну, қан қысымының жоғарылауы, қант диабеті және гиперлипидемия инсульттің дамуына әкеледі.  Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету мекемелерінде осы қауіп-қатер факторларды анықтайды. Миокардтың жіті инфарктінің, инсульттің, жүрек жеткіліксіздігі мен басқа аурулардың асқынуының қаупінің артқанын көрсетеді .
Әрбір қазақстандық қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу үшін салауатты өмір салтын, темекі тұтынуды азайтуды, алкогольдік ішімдіктерді  шамадан тыс тұтынудан бас тартуды, дене салмағын қалыпты ұстауы, үнемі қозғалыс жаттығуларын жасау болып табылады. Қоғамның  күш-жігерін жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін азайту үшін жағдайлар жасауға бағытталуы тиіс.
Өзіңіз тіркелген емханадан скринингтік тексеруден өтіңіз!
Деніңіз сау болсын!
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз