Тіл – халық жанын танудың кілті

Ә.Тәжібаев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының ұйымдастыруымен жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты ақын-жазушылармен студенттердің кездесу кеші өтті.

Шараға Сыр елінің белгілі ақын-жазушылары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері қатысты.

– Мұндай шараны қазақ әдебиетіне өскелең ұрпақтың қызығушылығын оятып, олар­дың жан-дүниесін рухани байыту мақсатында өткізіп жа­тырмыз. Газет-журналдан, кітаптан оқып-білген бөлек те, бетпе-бет жүздескен басқа әсер қалдырады. Сондықтан жас­тардың санасына сіл­кініс сыйлар шараны осы­лай өткізудеміз, – деді ұйым­дастырушы Алтын Әбзалиева.

Әдеби кешке балалар ақыны, педа­гогика ғылымдарының док­­торы, доцент, ұстаз Рахат Нау­рызбаева, танымал пуб­ли­­цист, «Алаш» халық­ара­лық әдеби сыйлығының ие­гері, жазушы Сайлаубай Жұ­ба­­тырұлы қонақ ретінде қа­­тысты. «Жауқазын ғұмыр» әдеби клубының мүшелері Ди­нара Нұрлыбай мен Бекарыс Назар, сондай-ақ, «Мұрагер» мек­тебінің бастауыш сынып оқу­шылары Айлы Шермет мен Дильназ Эльдарқызы ақын­­дар­дың шығармаларын орын­­дады. Сондай-ақ, шара бары­сында қатысушылар қонақ­тарға көкейде жүрген сауал­дарын жол­дап, тұшымды жауап алды.

Кеш соңы Рахат Наурыз­баеваның сөзіне жазылған «Анаға арнау» әнімен қоры­тын­дыланды.


Дәулет ҚЫРДАН.

АҚПАРАТ 09 мамыр 2019 г. 408 0