Жүректі тербеткен кеш

Жастар жылы аясында облыстық филармонияның камералық оркестрі мен Қазанғап атындағы музыкалық колледжінің үрмелі аспаптар оркестрінің бірлескен концерті болып өттіОнда кәсіби музыканттар классикалық шығармаларды, өткен жылдардағы танымал халық әндерін орындады.

Концерт үрмелі аспаптар оркестрінің орындауындағы Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсының үзіндісінен бастау алды. Сондай-ақ,  А.Бесті­баевтың «Азия дауысы», Халық әні «Илигай», А.Ба­бад­­жанянның «Армянская сере­нада», А.Зацепиннің «Песенка о медведях», К.Джен­кинстің «Палладио» және т.б. әлемдік композиторлардың шы­ғар­маларымен жалғасын тапты.

Осылайша, жанды дауыс­тағы классикалық әуен көрер­мендерге жақсы көңіл күй сыйлап, бір серпілтіп тастады.



Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.

АҚПАРАТ 09 мамыр 2019 г. 252 0