Жігіт сұлтаны -2019

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 -  мамыр Жеңіс күніне арналған Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басқарма мен бөлім жігіттері арасында «Жігіт Сұлтаны-2019» байқауы өткізілді.

 Әр бөлімнің мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар деп танылған ҚІЖД штабының жоспарлау және үйлестіру бөлімінің сержанты Х. Кеңесбаев , ҚІЖД штабының мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпарат қауіпсіздігі қызметінің арнайы байланыс бөлімшесінің аға маманы  кіші сержант Н.  Елмағамбетов, ҚІЖД  Жұмылдыру басқармасы жұмылдыруды жоспарлау бөлімінің бөлім бастығының орынбасары Н.  Жұмагулов,  ҚІЖД Тәрбие, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстар басқармасының инспектор (әскери қызметшілердің отбасымен  жұмыс ұйымдастыру жөніндегі) С. Қуанышбаев, ҚІЖД  Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшесінің қызметкері Ә. Ақылбек бес кезеңнен тұратын «Алаштың ер ұланы» өзін жан –жақты таныстыру,  «Сал- серілер салтанаты» өз өнерін көрсету (ән айту, билеу, аспапта ойнау, белгілі бір тұлғаға пародия  жасау),  «Автоматты шашып-жинау», «Бабалар өсиеті - ер қасиеті» танымдық сұрақтар,«Күш атасын танымас», яғни берілген уақыт ішінде қол күрестіру,ляңгі тебу).сайыс шарттарын белсене орындады.  

  Сегіз қырлы бірсырлы жігіттердің өнерлеріне әділқазылық еткен Қазақстан Республикасы «Қарулы Күштері ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы  М. Ршауов, ҚР ҚК ардагерлері Е. Мұратбай,  Ерлан Әбілқасымұлы, А. Есмамбетов қатысты.

 Жеңімпаз болып, бас жүлдені С.Қуанышбаев қанжығасына байлады. 1-орын сержант Х.Кеңесбаев, 2-орын  қызметкер Ә.Ақылбек, 3-орын  қызметкер Н.Жұмағұлов, «Сері жігіт» номинациясымен кіші сержант Н. Елмағамбетов марапатталды.

  Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Е.Байболовтың бастамасымен алғаш ұйымдастырылған мәдени шара алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын табатын болады.

                                     

                                      Облыстық қорғаныс істері 

                                     жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі

АҚПАРАТ 07 мамыр 2019 г. 28 0