Сыр елінің тәртіп сақшылары ардагерлерді құттықтады

Дәстүр бойынша Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дәулет Беркімбаев Сүлейменұлы, сондай-ақ, басқарма бастығының орынбасары полиция подполковнигі Марат Ағыбаев және Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсылық Алмағамбетов Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және ішкі істер органдары ардагерлерінің үйлеріне барып қайтты.
Дәулет Сүлейменұлы бастаған қызметкерлері тобы ардагер Төлеш Әлиев ақсақалдың шаңырағына барды. Төлеш Әлиев ақсақал 1935 жылы 30 тамызда Қызылорда облысының Тереңөзек ауданындағы «Қызыл жалау» колхозында дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық орта оқу орнын үздікпен бітіріп, өз еңбек жолын №1 Май орта мектебінің  бастауыш сыныптарының мұғалімі болып бастады.
1958 жылдың қараша айынан бастап 1961 жылдың желтоқсан айы аралығында Совет Әскері қатарында қызмет атқарды. Әскери борышын өтеп болғаннан кейін  ішкі істер органдарына жұмысқа қабылданды.
1963-1965 жылдары аралығында Қызылорда ІІО-нің қылмысты зерттеу бөлімінде аға инспектор лауазымында қызмет атқарды.
1965-1974 жылдары Қызылорда қаласының тергеу абақтысының бастығының орынбасары ретінде жұмыс атқарды.
1974-1985 жылдары Жалағаш аудандық милиция бөлімінің бастығы болды.
1985-1988 жылдары Сырдария аудандық милиция бөлімініңбастығы. Содан кейін Төлеш ақсақал зейнеткерлікке шықты. Ішкі істер органдарында атқарған қызметі барысында 12 медальмен және грамоталармен марапатталған. Адал еңбек арқасында құрметке бөлінген ардагер бүгінгі таңда 4 ұл және 2 қыз баланың әкесі, 16 немере мен 5 шөберенің тәрбиелеп отыр.
Сондай-ақ, полицейлер Полиция басқармасының ардагерлері Әбілбекті Тоқсеитов, Серікбайді Алтынбеков және Қожахметті Абшакиров құттықтады.
Полиция басқармасының бастығы Дәулет Беркімбаев ақсақалдарды Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, оларға зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсылық Алмағамбетов Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің және тыл еңбеккерлерінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы қызметтері өскелең ұрпаққа үлгі болатынын сөз етті. Ақсақалдар өз кезегінде Полиция бақармасының басшылығына шын жүректен алғыстарын білдіріп, оларға қызметтерінде табыстар тіледі.


Қызылорда қаласының Полиция басқармасының баспасөз қызметі
АҚПАРАТ 11 мамыр 2019 г. 384 0