ҚАЗБЕК ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨШЕ

Жуырда Шиелі кенті, Көкшоқы елді мекенінде еңбек ардагері Қазбек Оспановтың атына көше атауы берілді. Салтанатты рәсім кезінде Шиелі аудандық мәслихат хатшысы Болат Сыздықов  сөз сөйлеп, ардагердің еңбек жолына шолу жасады. Тәжірибелі маманның ауылшаруашылығына қосқан мол үлесі айтылды.
Қазбек Оспанов Ұлы Отан соғысының ардагері. 1957-1984 жылдар аралығында Шиелі ауданында бірқатар шаруашылықтарда басшылық жасады. 1976-1984 жылдары бұрынғы «Қызыл Ту» колхозының басқарма төрағасы кезінде тамаша еңбек көрсеткіштеріне қол жеткізгендігі еске алынды.  Ал 1984 жылдан Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы кәсіподағы комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Ал 1986 жылдан Қызылорда күріш совхозы тресінің бас агрономы, 1988 жылы Республикалық мамандар оқытатын Ы. Жақаев атындағы мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болды. Ардагер «Еңбек қызыл Ту», «2-дәрежелі Ұлы отан соғысы» ордендерімен және бірқатар медалдарымен марапатталған. Халық шаруашылығының үздігі» төс белгісіне ие болған азамат.
Осы жиында Жақаев ауылының тұрғындары, Оспановпен қанаттас жұмыс жасаған еңбек ардагерлері Сейтбек Жақаев, Пердәлі Архабаев, Пернеш Жүсіпова, Әтіркүл Шорабаевалар өз естеліктерін айтып, пікірлерін ортаға салды.
Соңынан марқұмның рухына арналып  ас беріліп, дұға бағышталды.  

Нұрмахан ЕЛТАЙ,
Шиелі ауданы
АҚПАРАТ 14 мамыр 2019 г. 183 0