Қолыңды қой, мінезіңді таниын!

Бір сәтте бір адам туралы бәрін білгің келеді. Психологтардың ойынша, адамның бір әрекеті оның бүкіл болмыс-бітімінен хабар береді. Мысалы, қолтаңбасы.
 1. Қолтаңба көлемі:
 а) үлкен — кең ойлайды.
б) тығыз — нақты ойлайды.
2. Қолтаңба ұзындығы: 
а) ұзын— мәселені тереңнен ойлай алады, шыдамды, түртпектегіш.
б) қысқа — аңғарымпаз, бір сарынды жұмысқа қабілетсіз.
3. Қолтаңба түрі: 
а) дөңгелек — жұмсақ, мейірімді, байсалды.
б) дөрекілеу — шыдамсыз, шапшаң, таза, бірбеткей.
4. Әріп аралығы: 
а) алшақ — жомарт, ысырапшыл.
б) тығыз — үнемді, сараң. 
5. Қолтаңбадағы элементтер: 
а) дөңгелек — терең ойда жүретін адам. 
б) тор — байқампаз, бірбеткей.
 в) сурет — шығармашылық қабілет. 
6. Қолтаңбаның қисықтығы: 
а) солға — бірбеткей, өзін-өзі қорғай алатын адам. 
б) оңға — түсінігі мол адам. 
в) тіке— өзін-өзі ұстай алатын, ақылды адам. 
г) әртүрлі бағыт- жұмбақтық, жалғандық.
 7. Қолтаңбаның соңының бағыты:
 а) жоғары – оптимизм; 
б) төмен — пессимизм; 
в) тіке— жайлы мінез. 
8. Қолтаңбаның астын сызу
а) төменнен сызса— өзін-өзі жақсы көретін, өкпешіл, елдің пікіріне еретін адам.
 б) жоғарыдан сызса — тәкаппар, атаққұмар. 
в) үстінен сызса — күмәншіл, өз-өзіне сенбейтін адам. 
9. Қарапайым не күрделі:
 а) қарапайым — барға қанағаттанатын адам. 
б) аса күрделі — түймедейді түйедей қылатын адам.
 в) ерекше қол - шығармашылық қабілет. Қолтаңба неғұрлым қарапайым болса, адамның мінезі соғұрлым ашық деген сөз. Ал сен қолды қалай қоясың?

                                                                                                                                    Дереккөз: massaget.kz

АҚПАРАТ 04 маусым 2019 г. 458 0