Жемқорлыққа қарсы жүйелі іс

 Қазақстан – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қабылдаған және осы мәселе бойынша халықаралық конвенцияға мүше болған ТМД мемлекеттерінің ішіндегі алғашқы елдің  бірі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында 2050 жылға дейін Қазақстанның одан әрі даму стратегиясын анықтап, демократия мен бостандық, тәуелсіздікке негізделген мемлекет пен қоғамның маңызды тарихи кезеңнің жетістігін белгілеп берді.
Жемқорлықпен күресу арқылы ғана алға қойған мақсатқа қол жеткізуге болады.
Елбасы айтқандай, Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы бірлесіп күресу қажет. Жемқорлық – ол тек қана құқық бұзушылық емес, мемлекет сеніміне және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер болып табылады.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы құбылыспен күресу болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі мен жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының бұл құбылысқа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де оның тамырын тереңдете түседі.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайластыққа  қарсы күресті барлық мемлекеттің органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттің органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындаулын қамтамасыз етуге міндетті.
Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінің ресми сайтында: «Жемқорлыққа қарсы әрекет», «Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі», «Нормативтік құқықтық актілер» және басқа да ақпараттар заң нормаларына сай орналастырылған. Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау кестесі және «сенім телефоны» мекеме ғимаратында орнатылған.
Сонымен қатар, жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден сақтандыру және алдын алу, болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыптарына техникалық сабақтар мен дөңгелек үстелдер және семинарлар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Жемқорлыққа қарсы тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Ә.ЕСҚАРАЕВ,
облыс бойынша қазынашылық департаменті
басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл.
АҚПАРАТ 05 маусым 2019 г. 130 0