Мемлекеттік органдарда сұранысқа ие көлік маркалары

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» меморгандар мен ұлттық компаниялар тарапынан қызметтік көлік сатып алу есебін жариялады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
Атап айтқанда, 2019 жылғы бірінші жартыжылдықта кезеңде мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар 17,2 млрд теңгеге 2 294  автомобиль сатып алған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15,2 пайызға жоғары.
«Өткен жылы мемлекет қабылдаған шаралар көптеген меморгандар мен ұлттық компаниялардағы сатып алулар саясатын қайта қарастыруға ықпал етті. 2019 жылғы алты айдың қорытындысы бойынша алынатын қызметтік техниканың барлығына жуығы (99 пайызы) Қазақстанда құрастырылған автомобильдерге тиесілі болды», - делінген таратылған мәліметте.
Мемлекеттік мекемелер арасында LADA брендінің жеңіл көліктері сұранысқа ие болды. Өткен кезеңде осы маркадағы 813 техника сатып алынды. ТОР-5 құрамына UAZ (534 көлік сатып алынды), Skoda (299 көлік), KIA (236) және Hyundai (184) енді.


АҚПАРАТ 11 шілде 2019 г. 323 0