Ел тарихынан сыр шерткен туынды

«Өткенсіз келешек жоқ» деген  халық даналығы – бүгінгі ұрпаққа даңғыл жол. Кез келген жаңалық өткенімен өзектеліп, келешек ұрпақпен жалғасын табары сөзсіз.

Қандай бір жер болмасын өзіндік тарихымен үндесіп жатады. Елбасының «Ұлы да­ланың жеті қыры» мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жал­ғасы десек, осы құнды құжаттар төңірегінде әлемдік деңгейде өркениет дамып, еліміздің, жеріміздің тарихына тереңірек үңіліп, ескіміз жаңғырып, жақсы істер мен жаңалықтар белең алып, сана-сезімімізге ерекше серпіліс беруде.

Осындай жаңалықтың бірі – «Майлыөзек – құтты мекенім» атты кітап. Бұл елімен етене араласып, ауылының суығына тоңып, ыстығына шыдаған, адал еңбегін туған ауылына арнаған бүгінгі зейнеткер, еңбек ардагері Ағайша  Нұрғалиеваның жинақтаған деректері. Кітаптың мазмұн­ды­лығы сондай шағын Майлы­өзек елді мекенінің тарихына терең үңіліп, жақсысы мен жай­саңдарын, осы өңірден  түлеген түлектерді түгел ендіре білген.  1957-1980 жылдары бөлімше, кейін Алдашбай ахун ауылы болып өзгерген елді мекеннің тарихы толық берілген. Бүгінгі күнгі  өсу мен өркендеулер, ұрпақтың өскелеңдігі  өткен кезеңдерді еріксіз көз алдыңа елестеді. «Туған жерге туыңды тік» деген зерделі сөзді ескерсек, бұл еңбек ауылына деген бір тамшы болса да перзенттік үлес.

Дана халық «Бағалай біл­генге бақ, қуана білгенге құт қонады» деп жатады.  Сон­дықтан ауы­лымыздың ерен еңбегін баға­лап, жаңалықтар үшін қуана білейік.  

 

Мейрамбек Жақанов.

Қармақшы ауданы,

Алдашбай ахун ауылы.

АҚПАРАТ 08 тамыз 2019 г. 189 0