Ел азаматтарының сұранысына негізделген

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы – халықтық бағ­дар­лама. Оның мәні мен болмысы қа­зақ­стандықтардың көкейіндегі мәсе­лелерді анықтап, шешімін ұсынады.


Президент ұсынған сабақтастық, әділдік, өрлеу ұғымдарының аясы кең. «Сабақтастық» Елбасының сыннан өткен стратегиялық бағытының сабақтастығын қамтамасыз етумен сипатталады. Қоғам бірлігін сақтау, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналған әлеуметтік бағдарламаларды мүлтіксіз жүзеге асыру, тұрақты экономикалық өсім арқылы жетістіктерді еселеу, Елбасының бес институционалды реформасы – Ұлт жоспарын жүзеге асыру да аса маңызды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы әділдікке негізделген әділетті қоғам орнату, оның ішінде заң үстемдігі мен әділ сот төрелігін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлықты түп-тамырымен жою, тиімді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін құру, дені сау, білімді ұрпақ қалыптастыру, халықты жұмыспен қамтуды атап өтті.

Ал «Өрлеу» бағыты бойынша қарқынды экономика құру, ауқатты және заманауи ауыл қалыптастыру, тиімді қаржы жүйесін, жоғары санатты инфрақұрылым, тұрғылықты халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету сияқты маңызды міндеттерді белгілеп берді.

Түйіндей келгенде айтарымыз, бағдарлама ел азаматтарының сұранысына негізделіп, сапалы өмір сүру деңгейіне жетуін мақсат еткен.


Серік ДҮЙСЕНБАЕВ,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

АҚПАРАТ 10 тамыз 2019 г. 168 0