Жалағаштағы қонақ үй

Бүгінде аймақта шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Оны кәсіп бастауға ынталы азаматтар қатарының күн санап артуынан аңғаруға болады. Бұл өз кезегінде  өңір экономикасының өркендеуіне мол септігін тигізбек. Екі қолға бір күрек тауып, кәсіп жасаймын дегендер қазіргі таңда түрлі бағдарламалардың игілігін көруде. Жеке кәсібін ашып, ісін дөңгелентіп отырған сондай жанның бірі жалағаштық Жеңіс Қазыбайұлы. 

Ол қонақ үй бизнесін қолға алып, аудан орталығынан “Жі­бек” қонақ үй кешенін ашты. Наурыз айынан бері жұмысын бастаған кешеннің жалпы құ­ны 30 миллион теңгені құ­рай­ды. Жеке кәсіпкер бұл ны­санды ашу үшін екі мәрте мем­лекеттік бағдарламаның кө­мегіне жүгінген. Алғаш 2015 жылы 3 миллион теңге кө­лемінде грант алса, үш жылдан кейін «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы тағы 6 миллион теңге алды. 30 орынға арналып салынған кешенде 3 адам жұмыс іс­тейді. Енді ғана бой көтерген ғи­маратта әзірге дәмхана, түр­лі деңгейдегі бөлмелер мен демалушылар қажеттіліктері қа­растырылған. Бағасы қал­та кө­тереді, қажеттілікке қа­рай 2-3 орындық бөл­ме­лер бар. Екіқабатты ке­шеннің жоғарғы қабаты жа­тын бөлмелерге арналған. Ал бірінші қабатта асхана, қо­нақтарға арналған шағын зал орналасқан. Тоғыз нөмір­лі қо­нақ үйде ыстық су, жы­лу сынды коммуналдық қажет­тіліктің бәрі бар. Талғампаз қо­нақтар үшін  люкс бөлмелер жасалып қойылған. Кәсіпкер алдағы уақытта келушілердің алаңсыз демалысы үшін қонақ үй қызметінің сапасын арттырып,  жұмысшылар санын кө­бейтпек.

Жеңіс Қазыбайұлының кә­­­­сіпкерлік саласындағы ал­ғаш­қы қадамы тіс емханасын ашудан басталды. Өзі оқып, көңіліне тоқыған сала­сын да­мытып, халыққа сапалы қыз­мет көрсету үшін әуелі емхана негізін қалайды. Мұ­нан кейін кәсібінің аясын ке­ңейту мақсатында аталған қо­­нақ үйді тұрғызуға білек сы­бана кіріседі. Қазіргі таң­да өзі халыққа дәрігерлік қыз­метін көрсетсе, қонақ үй ке­шеніндегі барлық тіршілікті анасы Гүлжан Өмірзақова дөң­гелентіп отыр.

– Бұл нысан баламның бас­­тамасы бойынша салынды. Жаман емес, сұраныс бар. Бұрын сырттан келген қо­нақтар, жолаушылар аялдай­тын жер таппайтын. Енді біз­дің кешенге келіп демалуларына толық мүмкіндік бар. 9 бөлме, оның 7-і люкс, 2-і стандарт. Қазір келісім бойынша Грекиядан келген қонақтарды қабылдадық. Бизнесті қолға алған кез келген адам оны бас­тап қою үшін емес, одан әрі дамыту үшін жұмыс жасайды. Сондықтан алдағы уақытта бір ғана қонақ үймен шектелмей, бұдан өзге де кәсіп көзін ашып, елдің қажеттілігін өтейтін боламыз, – деді кәсіпкер.

Елімізде қонақ үй бизне­сінің дамуына барлық жол ашы­лып, мемлекет тарапы­нан қолдау көрсетіліп отыр. Өйткені бұл – туризм саласы­ның ең маңызды құрамдас бөлігі. Туристің дема­лыс ке­­зеңіндегі баспана, та­­мақ­тану, жеке бастың қауіп­­сіздігі, ден­саулық сақтау сияқты бі­рінші кезектегі қажет­тілік­тері то­­лықтай қамтылуы керек. Жа­ла­ғаштық кә­сіп­кер­дің қол­ға алған кешені сол үдеден шығады.

АҚПАРАТ 06 қыркүйек 2019 г. 238 0