Жарқын бастамалар негізі

Ел дамуын айқындап беретін әрбір Жолдау  – жаңа бастамаларға жол көрсетіп, тың идеяларға жаңа серпін беретін негізгі қағидаттардың бастау бұлағы.

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының салиқалы саясатын  жалғастырып, Қазақ еліне 5 негізгі бағыттан тұратын «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның  тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жариялады. Саяси маңызды құжатпен қала кітапханашылары да танысты.

Ел экономикасы, халықтың әлеуметтік жағдайы, ғылым мен білімді, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін арттыру туралы бағыттар көңілге қонды.  Кітапхана қызметкерлеріне көрсетілетін көмектер, жалақы, міндетті әлеуметтік жеңілдік­тер, тұрғын үй мәселелері қам­тылғаны қуантты.

Келер жылы әл Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аталып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындық жұмыс­тары басталады. Жуырда Абайдың 175 жылдығына орай орталық кітапханада «Жақұт жыр, өлең сөздің бойтұмары», «Абай мұрасы – асыл қазына» атты кең көлемді шаралар ұйымдастырылып, оқырман назарына ұсынылды. 

Ел рухын асқақтатқан тарихи Жолдауда алға қойылған мін­деттерді жүзеге асыруға кітап­ханашылардың да қосар үлесі зор болмақ.

Г.ШАЛМАНОВА,

кітапханашы.

АҚПАРАТ 12 қыркүйек 2019 г. 267 0