«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету мақсатында дәріс оқылды

Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту» атты жоба аясында Қызылорда «Болашақ» университетінің профессор-оқытушылар құрамы, студент жастармен «Ұлы дала мұрасы – ұрпаққа аманат» атты тақырып бойынша кездесті.
«Қазақтану» мәдени-ағарту лекторийі шеңберіндегі «Өзгерісті өзіңнен баста» жобасы бойынша университеттің Жалпы білім беру және құқық кафедрасының профессоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө.Насимов «Қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың 6 бағыты» тақырыбында дәрісін оқыды. Дәріс барысында сананы жаңғыртудың бағыттары ғылыми тұрғыдан дәлелденді. 2020-21 оқу жылынан бастап студенттерге «Рухани жаңғыру: қоғамдық сана мен тарихи сананы жаңғырту» атты арнайы курс оқытылатындығы айтылды.
Лекторийге Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының президенті Ж.А.Әпетова, ақын С.О.Бекахметова, «Болашақ» университетінің проректоры М.Б.Базарханова қатысты. Дәріс соңында М.Ө.Насимов өз ғылыми еңбектерін алматылық қонақтарға табыс етті.
АҚПАРАТ 23 қыркүйек 2019 г. 716 0