Емхана таңдау еркіңізде

Өзіңіз қаралып жүрген емхана ойыңыздан шықпай жүр ме?
Олай болса, емханаға бармай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы таңдаған емханаңызға тіркеле аласыз. Ол үшін сізге керегі:
✓✓Egov. kz. Электронды порталына кіру.
✓✓"Денсаулық  сақтау" бөліміне өту
✓✓"Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелу" қызметін таңдау.
✓✓Әрі қарай "Онлайн сұрау"  батырмасын басып, өзіңіз жайлы деректерді көрсете отырып, өтініш жолдайсыз.
Бұл қызметті тұрғылықты мекен-жайыңыз өзгерген кезде немесе тіркелген емханаңызды өзгерткіңіз келген кезде (жылына бір рет) пайдалана аласыз.

Гүлмира МОЛДАҚОЖАЕВА,

«Азаматтарға арналған үкімет» 

мемлекеттік корпорациясы»КЕ АҚ 

Қызылорда облысы бойынша филиалы - 

Халыққа қызмет көрсету орталығы 

Қызылорда қалалық №1 бөлімінің маманы.

АҚПАРАТ 04 қазан 2019 г. 203 0