Дәстүрлі өнерде дараланды

Қазан айының 7-9 күндері Баку қаласында өткен дəстүрлі орындаушылардың халықаралық мугам фестиваліне Сыр елінің жас таланттары да қатысып, бағын сынаған болатын. Айталық, 9 мемлекеттен 15 талапкер қатысқан өнер додасында К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің шәкірттері Шұғыла Мархаба 3 орынды иеленсе, Арай Оңғарқызы арнайы дипломмен марапатталды.
 – Жас дарындар Шұғыла мен Арайдың өнер жолындағы ұстаздары Зәуре Кəрібаева, Дінислам Тоқсанбаев сынды ұстаздарға жəне ұлттық өнердің жанашыры, облыстық мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының басшысы Мира Рақымжанқызына алғысымызды білдіреміз,-деп жазады белгілі жырау, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталықтың жыраулармен жұмыс секторының меңгерушісі Майра Сәрсенбаева фейсбук парақшасында.
АҚПАРАТ 10 қазан 2019 г. 105 0