Өз ісінің шебері

№83 орта мектеп мұғалімі Бақыт  Өтемұратова – ұйымдастырушылық қабілетті жоғары, әр істің қыр-сырын таба білетін шебер мамандардың бірі.
Ол Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетін бітірген соң, осы білім ұясына жұмысқа орналасты. Көптеген мақаласы аудандық, облыстық, республикалық журналдарға шықты. «Ашық сабақ» республикалық әдістемелік журналына «Құстар әлемі» атты мақаласы жарияланды. «Тіл мерейі», «Бастауыш білім», «Тіл ашар» атты семинарларға қатысып,  аудандардан келген әріптестеріне өз тәжірибесімен бөлісті. Балалардың шығармашылығын дамытатын шаралары ата-аналардың ыстық ықыласына бөленіп жүр. Бақыт өткен тәжірибесін жаңамен ұштастырып, кәсіби қызығушылығы жоғары екенін ұжым алдында дәлелдеп келеді. Оқушыларын өз бетінше білім алуға үйретіп, нәтижеге қол жеткізіп жүрген маман. Сондай-ақ, оқушылармен, ата-аналармен, мұғалімдермен бірге жұмыс жасау барысында мерейі үстем ұстаздардың бірі.
Егер  жас маманның білімі терең болса, педагог этикасы, педагогикалық тактикасымен, оқушылармен қарым-қатынас жасау барысында ережелерді оңай меңгеріп алады. Бүгінде практикалық және теориялық білімді ұштастыра отырып, кәсіби қызығушылығы жоғары екенін көрсету және қазіргі кездегі талаптар мен мағұлматтарды меңгеру мұғалім тактикаларының бірі болып саналады. Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларды меңгерутумен қатар, дүниетанымен кеңейтіп, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл,әрине,ұстаздан да көп ізденісті талап етеді. Өйткені «Шәкірт біліммен толтыратын бос құмыра емес, ол жануға дайын тұрған шырақ, ал ,ұстаз-шырақшы ғана... ». Оқушыларын өз бетінше білім алуға үйретіп, нәтижеге қол жеткізіп жүрген Бақыттың еңбегіне жеміс тілейміз.

Барлыбек БАТЫР.
АҚПАРАТ 01 қараша 2019 г. 76 0