Ұйымшылдыққа бағыттайтын тренинг

Сырдарияда жалғасын тапқан жастар тренингіне 30 ауыл жасы белсенді түрде қатысты. Тренингті «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкері Қанат Ботжанов жүргізді.

Жастар бір-бірінің ортасында жағымды психологиялық климатты қалыптастыру, тиімді өзара қарым-қатынас құру жолдарын бағамдады. Ұйымшылдық арқылы биік шыңдар мен жеңістерге жету жолдарын зерделеді. Алдағы мақсаттарын айқындай отырып, ұжымдық жұмыстың ерекшелігімен танысты. Қызықты әрі пайдалы тренингтен жастар көтеріңкі көңіл күймен қайтты.

Кешенді шара этномәдени бірлестіктер жанындағы шығармашылық ұжымдардың концертімен қорытындыланды. Ауыл тұрғындарына арналған концерттік бағдарламада әсем ән де, әдемі би де орындалды. Шығармашылық ұжымның өнеріне көрермендердің қошеметі толассыз болды.

Облыстық Қазақстан халқы 

ассамблеясының баспасөз қызметі.

АҚПАРАТ 07 қараша 2019 г. 123 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930