МӘМС – болашақ ұрпақтың денсаулық кепілі

­Денсаулық – адамның ең ба­ға жетпес байлығы. Алайда, нашар эко­логия, сапасыз тамақтану, ха­лықтың әлеуметтік өмір деңгейі­нің төмендігі және басқа да фак­торлар көптеген аурулардан сақтануға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, әртүрлі аурулардан әдеттегідей балаларды қорғауға қиындық туғызады.    

Балалар – елдің болашағы, сондықтан дені сау ұрпақты өсіру және олардың үйлесімді дамуын қамтамасыз етуі қоғамның және мемлекетіміздің ең маңызды мақ­саты болып табылады.  

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік ме­ди­циналық сақтандыру жүйе­сінің іске асырылуына байланысты әлеуметтік осал санаттағы азамат­тарға ай сайынғы жарналарды мем­лекет аударатын болады. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі бала­лар да бар.  Барлық қажетті анализдер, диагнос­тика, тексерулер мен емдеу мем­лекеттік жарналар есебінен жүргізіледі. 

 Дені сау сәбиді дүниеге әкелу үшін әйелдерге жүкті­ліктің бастапқы мерзімінен бас­тап тексерулер мен диагности­кадан өтіп, қажет болған жағ­дайда, өзінің денсаулығын жақсартумен қатар, болашақ сәбидің денсаулығын сақтап қалу үшін ем қабылдау қажет. МӘМС жұмыс істемейтін жүкті әйелдерге жоғары дәрежелі медициналық көмекті тегін алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, же­ңілдік алушылардың қатарына көпбалалы аналар,  жұмыс істе­мейтін әлеуметтік көмек алу­шылар, мүгедек балаларға және бала кезінен мүгедектерге қам­қор­лық көрсетіп отырған жұ­мыс істемейтін  азаматтар да жат­қызылды.

«СБ» ақпарат.

АҚПАРАТ 10 қараша 2019 г. 431 0