Қор қаржысы толығуда

Қызылорда облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақ­­тандыру қорына» биылғы 1-31 қазан аралығында 282,6 млн теңге түсті, – деп хабарлады «Әлеу­меттік медициналық сақтан­дыру қоры» КЕАҚ облыс бойынша фи­­лиалының директоры Руслан Бектібаев.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен биылғы 31 қазан аралығында жұмыс беру­шілер мен жекеменшік кәсіпкер­лерден міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыруға түскен жар­наның жалпы сомасы 6,4 млрд теңгені құрады. Оның 6,2 млрд теңгесі (97,1%) жұмыс беру­шілердің аударымдары болса, қал­ған 184,02 млн теңге (2,9%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қыз­­­меттер ақысын төлеуге жұм­салады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келі­сім бекітілген.

Барлыбек БАТЫР.

АҚПАРАТ 10 қараша 2019 г. 403 0