Пластиктен бас тартты

Дубай бірреттік пластиктен бас тартты. Әлемде жыл сайын 300 миллион тоннадан астам пластик өндіріледі. Халықаралық Дубай әуежайы арқылы жыл сайын 90 миллион жолау­шы өтеді. Саяхатшылар нөпірі 5,5 мың тонна пластикалық зат тастап кетеді.

Енді жағдай өзгермек. Жаңа жылдан бастап әуежай терминалдарында бірреттік пластик заттарды пайдалануға тыйым салынды. Сондай-ақ 700 қонақүй өздерінің столдары мен барларынан пластик бөтелкелерді ысырып, оларды шыныға алмастырып жатыр. Қонақүй нөмірінің кілті ретінде пайдаланылатын пластикалық карталар да келмеске кетеді, олардың орнын ағаш алмастырады.

АҚПАРАТ 31 қаңтар 2020 г. 466 0