"Ана тілің - арың бұл..."

 Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Қазақ тілі – бай тіл. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды.
Бірақ қазіргі заман талабы ма әлде заманауилық деп есептей ме, өз тілінен гөрі, өзге тілде сөйлеуді абырой көретін жастардың саны артты.
Әрине, Қадыр ақын айтпақшы, "өзге тілдің бәрін біл", бірақ ана тілін құрметтеу парыз. Себебі, барша әлемге қазақ деген елдің барын, қазақ тілінің қасиетті, қадірлі екенін мойындату жас ұрпақтың қолында, яғни біздің еншімізде.
Қазір арамызда тілі басқа болғанмен, тілегі бір өзге ұлт өкілдері де бар.
 Солардың бірі ұлты орыс болғанымен жүрегі қазақ деп соғатын замандасым - Рoдион Лебедев.
 Мен группаласымның өзгелерден ерекше қабілетіне, ой ұшқырлығына еңбекқорлығына деген таңданысымды жасыра алмаймын. Иә, Рoдион өзгеге 
үлгі, кішіге өнеге болатын жастардың бірі деп айтсам артық айтқаным емес.
  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты Жолдауында: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет» деген Жолдауындағы сөздерін барша қазақстандық құптайды. Мен әлемдегі ең бай тілдердің бірі – қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін. Тіліміз - бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы екенін ұмытпасақ екен.


Аида ШОРАБЕК,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ студенті.
АҚПАРАТ 14 ақпан 2020 г. 34 0