Қорқыт және қобыз

Қорқыт дегенде ойымызға елең ете қалатын,қобыз екені сөзсіз. Қорқыт пен қобыз егіз ұғым іспеттес. Ол туралы "Қорқыт Ата кітабында" тереңінен жазылған. Жер бетінде қобыз аспабында алғаш болып күй тартқан Қорқыт күйлері бүгінде кеңінен танымал.

Өзімізге белгілі "Қорқыт", "Башпай", "Тарғыл ана", "Ұшардың ұлуы", т.б  күйлерінің шығу тарихы ерекше. Қорқыт тек күй тартумен ғана емес,сондай-ақ түрік дәстүрін,салтын,әдетін, сенімдерін қысқасы қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан оны бүгінде кеңірек жеткізген ұлы өнерпаз. Қорқыт Ата тағылымын қайта жаңғыртып,оларды өскелең ұрпаққа тиімді жолдарын қарастырған жөн. Қорқыт ата поэма күйлер шығаратын болғандықтан оны "Қорқыт Ата кітабы" деп атайды. Бұл кітап-бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ аса көрнекті жазба ескерткіштері. Он екі тараудан тұратын кітапта батырлық,елдік туралы оқиғалар жырланды. Қорқыт тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесінен қоныс еткен оғыз қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария,болашақты болжай сөйлейтін сәуегей кісі. Қобыз аспабы қазақ ұғымында қасиетті саналады. Қарапайым жұрт оны қолдарына ұстауға да қорыққан. Себебі қобызды сиқырлы қасиетке ие жандар ғана ұстаған. 

Сонымен күй атасы, жыр атасы Қорқыт Ата жайлы мәлімет өте кең таралғаны бәрімізге мәлім.


Аружан Бейсенбаева,

ҚМУ 1-курс студенті

АҚПАРАТ 14 ақпан 2020 г. 59 0