Жемқорлыққа жол жоқ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  қалыптастыру аясында, барлық мемлекеттік қызметшілерді бас бостандығынан айыру орындарына бару, таныстыру науқанын ұйымдастыруда.

Осыған орай, бүгін облыстық білім басқармасының қызметкерлері мен білім басқармасына қарасты облыстық білім беру ұйымдарының басшылары бас бостандығынан айыру мекемесіне барды.

Атап айтқанда, Қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің  ЗК – 169/1 мекемесінің тергеу изоляторының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан азаматтардыңкүн тәртібімен таныстырып, аталған изолятордың ғимаратын аралатып, тұрмыс жағдайын көрсетті.

Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және оларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру болып табылады.

АҚПАРАТ 14 ақпан 2020 г. 60 0