Жасаруға жаны құмар жапондар

Осы жапондардың ойлап таппайтыны жоқ. Жасарудың сырын ашуға талпынғандардың арасында оқ бойы озық тұрған да осы күншығыс елінің ғалымдары. Бұдан біраз уақыт бұрын жапон ғалымдары ұлудан адамды жасартатын, ағзаны сауықтыруда жәрдемі тиетін дәрі-дәрмек жасап шығарған еді. Енді олар ұлудан дәрі ғана емес, косметикалық сұйықтықтық жасауды қолға алып, оны тәжірибеге енгізіпті.

Жалпы, Жапонияда ұлудың ем ретінде қолданылып келе жатқанына ширек ғасырдан жылдан асыпты. Алайда ол арнайы орталықтарда ғана, онда да жан күйзелісін жан-жануарлар (балық, ит, мысық, дельфин және жылқы) арқылы емдейтін сауықтыру орындарында ғана қолданылып келген-ді. Соңғы 5 жылдың бедерінде ұлдуы табиғи косметологияға пайдалана бастапты.

Осындай арнайы орындарда косметологтар бет терісі мен денесіндегі дақты кетіріп, әжімді азайтуды көздеген клиенттерінің үстіне бірнеше ұлу жібереді. Ары-бері жүрген сайын ұлудан сілекей бөлінетіні белгілі. Міне, осы сілекей бетке сіңген сайын оны ажарландырып, тазалап, балғын ете түспек. Әжімді тарататыны тағы бар. Мұнда ол үшін бір адамға 241 долларға 4 ұлу сатып алса жеткілікті екен. Ең бастысы, салонға осындай ниетпен келген тұтынушы денесіндегі жыбырлаған жәндіктің қытығына шыдап бір сағат тапжылмай жатуы тиіс. Бұл аралықта үздіксіз қозғалдыстан ұлу да шаршайды, әрі осы мезгіл ішінде оның бойындағы сұйықтығы да таусылып бітеді. Мұнан соң әлгі ұлу кәдеге аспай, мүлде жарамсыз болып қалады. Мұнан соң оны екінші мәрте оны қолдануға болмайды. Ал, қырық жастағы адамның жиырма бестегідей жасаруы үшін кемінде осындай төрт сеанс қабылдауы тиіс.

Деректерге сенсек, нақты кезеңде жапон қыз-келіншектері жасарудың дәрісіз, диетасыз, опа-далапсыз жаңа тәсіліне ерекше қызығушылық танынытып жатқан көрінеді. Бүгінде жапон елінде «табиғаи косметология» аталатын салондар қатары көбейген, ал елде табыс көзі болғандықтан ұлу өсіретіндер қатары еселеп артқанға ұқсайды.

Ұлу дейтін жәндік осы біздің айналамыздан да табылады. Ендеше, жапон жаңалығын қазақ та қайталай алады. Дегенмен, Алланың өзі сыйлағын түр-әлпетіңді өзгертем деудің түбі бір әурешілік болып шықпасын деңіз...

Рүстем АЙБОЛАТ,

ҚМУ-дың 2-курс студенті.

АҚПАРАТ 08 наурыз 2020 г. 500 0