Сенат сайлауы: Қызылордада Ақмарал Әлназарова басым дауыс алды

7752

21

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайлауы өтті. Дауыс беруге таңдаушылар – жергілікті мәсли­хат­тардың депутаттары қатысты.

Қызылордада өткен сайлау кезінде таңдаушылардың 50 проценттен астамы сайлауға қатысты. Жиынды облыстық мәслихат хатшысы Қылышбай Бисенов ашып, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев хабарлама жасады.

Айта кету керек, сайлау бюллетеніне кандидат ре­тінде тіркелген Ақмарал Әлназарова, Айдын Қай­рул­лаев, Мұрат Сәрсенбаев енгі­зілді.

Сайлау нәтижесінде басым дауысты Ақмарал Әлназарова иеленді. Оған таңдаушылардың 77,86 проценті дауыс берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<