ҚАҺАРМАНДАР РУХЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

97

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің ардагерлер
кеңесі қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күнінде марқұм болған әріптестерін
еске алып, ас берді.

Облыс орталығындағы «Қыз Жібек” мейрамханасында
ұйымдастырылған шарада марқұм чекистердің рухына құран бағышталғаннан кейін, жиынға
қатысушыларды департамент бастығы, генерал-майор Бекет Байғазиев 1 қазан – Қарттар күні және исі мұсылманның ұлық мерекесімен құттықтады.

Бұдан соң сөз алған облыстық ардагерлер
кеңесі төрағасының орынбасары Күләй Ермағанбетова, қалалық ардагерлер кеңесінің
төрағасы Аманкелді Әбдібаев, майдангер-чекист Пірмағанбет Үдербаевтың ұрпағы Мұрат,
өмірден озған Ауған соғысының ардагері, ұлттық қауіпсіздік органына еңбегі сіңген
Абылай Еркінбайұлының зайыбы Роза шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірсе,
департаменттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Қойшыбаев бұл басқосудың өтуіне
қолдау білдірген департамент басшылығына алғыс сезімін жеткізді.

Ұлттық қауіпсіздік органы қатарында анттарына
адал болған, бүгінде бақиға аттанған 40 қызметкердің рухына арналып ас берілді,
марқұмдардың аттары аталып, қатым құран оқылды.

Шара соңында оған қатысушылар естелік
суретке түсті.

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз