АӨК субъектілерінің ауыл шаруашылығы саласында кәсібін жүргізуге кеткен шығындарының бір бөлігін инвестициялық субсидиялаудың тәртібі

68

0

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 07 тамыздағы №9-3/726 «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (әрі қарай – Қағида) бұйрығына сәйкес ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында 2014 жылдан бастап инвестициялық субсидиялар беріліп келеді.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші – «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Өткен 2016 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен 930 696 мың теңге бөлініп, 44 шаруашылық жаңадан алған ауыл шаруашылығы техникасына, қазылған 26 құдыққа құрылысы салынған, 1-құрама жем зауытына, 1 қарқынды алма бағына, 2-тамшылатып суару жабдығына  кеткен шығынның бір бөлігін өтеуге 905 208 млн. теңге субсидия төленді.
Инвестициялық субсидиялау Қағидаға сәйкес төмендегі тәртіптер бойынша жүзеге осырылады.
Өтінімдерді қабылдау мемлекеттік сатып алу заңнамасы арқылы анықталатын, операторлық қызметтерді жүзеге асыратын ұйым (әрі қарай – Оператор) арқылы жүзеге асырылады. 
Мемлекеттік  көрсетілетін қызмет нысаны – қағаз түрінде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме арқылы беріледі.
 Көрсетілетін қызметті алушы (инвестор) не оның өкілі операторға Қағиданың 18 тармағында көзделген  құжаттарды ұсынуы тиіс. Олар:
1) инвестордың уәкілетті адамы немесе қол қою құқығына сенімхаты бар адам қол қойған және мөрмен бекітілген, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға арналған өтінім;
2) АӨК субъектісін мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама;
3) бизнес-жоспар, шарттар немесе коммерциялық ұсыныстарды қоса бере отырып, жаңа өндірістік қуаттылық құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдар және оларды іске асыру мерзімдері туралы ақпарат;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптаманың оң қорытындысы бар жобалардың жобалау-сметалық құжаттамасы;
5) тартылған қаржы (кредит/лизинг) есебінен жобаны іске асыру жағдайында, осы Қағидаларға сәйкес инвестор субсидия алу көздегені туралы қаржы институтына хабарлама көшірмесі.
Егер инвестициялық жоба пайдалануға берілген, сондай-ақ инвестициялық жоба шеңберінде техника мен жабдықтар сатып алу жүзеге асырылған болса, инвестор осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген құжаттарды да ұсынады.
1) объектіні немесе инвестициялық жобаның кезегін (кезеңін) пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау не қабылдау комиссиясы актісінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісінің көшірмесі;
3) жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын сатып алу-сату шарттарының, шот-фактуралардың, төлемді растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) ауыл шаруашылығы, арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды қабылдап алу-беру актілерінің көшірмелері;
5) ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған кезде, құқық белгілейтін құжаттардың (көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, техникалық паспорт) көшірмелері ұсынылады;
6) қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен инвестициялық салымдар жүзеге асырылған жағдайда, қаржы институты куәландырған кредиттік/лизингтік шарттар көшірмелері;
7) бизнес-жоспарда көзделген мерзімдерде, өндірістік қуаттылықтардың жүктемесі кемінде 30%-ға жеткеннен кейін осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасына сәйкес инвестор растайтын құжаттарды (бизнес-жоспар, өндірілген өнім түрлері бойынша өткізуді заттай және құндық мәнде растайтын құжаттардың оператор куәландырған көшірмелері, осы тармақшада көрсетілген құжаттардың, сондай-ақ екінші кезеңде инвестордың өтінімді ұсынған сәтінің алдындағы 3 ай немесе тоқсан үшін инвестордың статистикалық есебі негізінде құрастырылған өндірістік қуаттылықтардың жүктемесіне қол жеткізу туралы жұмыс органы мониторингінің актісі) ұсынады.
Оператор 30 минут ішінде – құжаттарды қабылдайды және өтінімді өтінімдерді тіркеу журналына инвестициялық бағыттар топтары бойынша тіркейді;
Оператор 7 жұмыс күні ішінде – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді, құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыны қажетті құжаттардың жоқ екендігі туралы жазбаша нысанда хабардар етеді, сараптамалық комиссия отырысын шақыру туралы жазбаша хабарламаны оның мүшелеріне жолдайды, сараптамалық комиссияның отырысын өткізу орнын, уақытын және күнін сараптамалық комиссияның төрағасымен келісім бойынша айқындайды; 
Оператор 7 жұмыс күні ішінде – көрсетілетін қызметті алушының өтінімін толық немесе толық емес құжаттар топтамасын ұсынғаны туралы ақпаратпен қоса сараптамалық комиссияның қарауына жолдайды;
Сараптамалық комиссия 7 жұмыс күні ішінде – көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қарайды, құжаттардың толықтығын және олардың Қағидаға сәйкестігін тексереді, субсидиялар есептемелерін жасайды және комиссия отырысының материалдарына қоса берілетін инвестициялық субсидиялау жобасының сәйкестігі немесе сәйкес келмейтіндігі жөнінде қорытынды дайындайды;
Оператор 7 жұмыс күні ішінде – сараптамалық комиссия көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қарағаннан кейін комиссия отырысын шақыру туралы оның мүшелеріне Қағиданың талаптарына сәйкес электрондық жеткізгіште материалдар қосымшасымен жазбаша хабарлама жолдайды, комиссия отырысының өткізілу орнын, уақытын және күнін комиссия төрағасымен келісім бойынша айқындайды;
Комиссия 1 жұмыс күні ішінде – өтінімді мақұлдау немесе бас тарту туралы хаттама түрінде рәсімделетін шешім қабылдайды;
Көрсетілетін қызметті беруші 3 жұмыс күні – ішінде комиссия отырысы хаттамасын тиісті хаттамаларды тіркеу журналына тіркейді және комиссия отырысы хаттамасынан үзінді-көшірмені көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;
Оператор 8 жұмыс күні ішінде – комиссия шешімі негізінде көрсетілетін қызметті беруші, оператор және көрсетілетін қызметті алушы арасында үш жақты инвестициялық субсидиялау шартына қол қойылуын және алынатын құралдарды, техникаларды мақсатты қолдану және иеліктен шығармау жөнінде келісім жасауды қамтамасыз етеді және инвестициялық субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушіге субсидияларды аудару туралы ұсыныс енгізеді.
Инвестициялық субсидиялау барысында басты қойылатын талап –  субсидиялауға 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға берілген, жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған (инвестициялық салымдар) инвестициялық жобалар жатады. Бұл ретте, инвестордың 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін, бірақ инвестициялық жоба пайдалануға берілетін күнге дейін 24 айдан ерте емес мерзімде инвестициялық жоба шеңберінде техниканы немесе жабдықты сатып алуға кеткен шығындар инвестициялық жоба субсидиялауға жатады.
Қазіргі уақытта, инвестициялық субсидиялау бойынша қолданыстағы Қағидаға өзгерістер енгізілуде екендігін жеткіземіз.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз