АККРЕДИТТЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ САПАЛЫ ЗЕРТХАНАЛАР ЖҰМЫСЫНА ТӘУЕЛДІ

75

0

Тұтынушылар қолданатын тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапалы да қауіпсіз болуын қалайды.

Қазіргі таңда экономикасы дамыған көп елдерде сәйкестікті бағалайтын аккредиттеу органдары мен аккредиттеу жүйесі бар. Қазақстан Республикасының аймағында аккредиттеумен «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС айналысады. Аккредиттеу жүйесі еліміздегі және шетелде сәйкестікті растау нәтижесін тану, халықаралық саудада кедергілерді жоюға негіз болып табылады.

  • Қызылорда облысы бойынша ұлттық аккредиттеу органымен аккредиттеу аттестатына ие, облысымызда аккредиттеуден өткен 33 субъектілер тіркелген. Оның ішінде: 18 сынақ зертхана болса, өлшем құралдарының салыстырма сынақтарын жасайтын зертханалар саны-11, калибрлеу зертхана саны-1(Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалы), мобильді зертхана саны-1(Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ЖШҚ РМК Қызылордалық филиалы), сәйкестікті растайтын орган, сапа менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау органы – Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалы болып табылады. Аталған зертханалардың аккредиттеу аумағы кең, әрі кеден одағында қабылданған нормативтік құжаттармен, техникалық регламенттермен жұмыс жасайды. Жасалған зерделеу жұмыстары барысында анықталғандай, облыс көлеміндегі толыққанды, заңды түрде тұтынушыларға қызмет көрсететін зертханалар мен орталықтар және қызмет түрлері бар.

Облыс көлеміндегі зертханаларда тауарларды сынақтан өткізетін тиісті құрал-жабдықтардың (оборудование) толық болмауынан қабылданған, күшіне енген кеден одағы техникалық регламенттері мен евразиялық экономикалық комиссияның шешімімен қабылданған техникалық регламенттерде көрсетілген барлық қауіпсіздік көрсеткіштері анықталмай отыр. Осыған байланысты облыс аумағындағы сынақ базаларын модернизациялап, (қайта жабдықтап) және кеңейтіп жітілдіру қажеттілігі туындауда, әрі жаңадан жұмыс орындары да пайда болары анық.

Мәселен, жуық арада департаменттің бастамасымен, кәсіпкерлердің өтініштері бойынша зертханаларды қайта жабдықтау, модернизациялау мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді. Нәтижесінде, ҚФ АО «Ұлттық стандарттау және сертификаттау орталығы» 2017 жылға қойылған жоспар бойынша өз қаражаттарымен аккредиттеу аумағын яғни 2 сала бойынша («Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін іске асырудың, құрылыс материалдарының сынақ зертханасы мен метрологиялық зертханаларын кеңейтуге сұраныс жасалынған. Сонымен қатар, «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылордалық филиалы 2 бағытта аккредиттеу саласын дамыту жолдарын қарастырып жатыр.

Осыған орай, жергілікті кәсіпкерлер облыс аумағында қандай салада сынақ зертханаларының жетіспейтініне сараптама жасап, облыс экономикасының дамуына өз үлестерін қоса отыра, табыс табу жағын қарастырса құба-құп болар еді. Бұл бағытта «Даму» аймақтық қоры арқылы немесе басқа қаржы институтынан өзекті салалар бойынша сынақ орталықтарын ашуға несие алып, жұмыстарды жандандыруға да болады.

 

Техникалық реттеу және метрология комитетінің

 Қызылорда облысы бойынша департаменті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз